О противопожарной охране лесов на территории Акмолинской области на 2005 год Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылы Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы
Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 268 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында өрт оқиғаларына жол бермеу және оларды жоюды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының ормандарын өрттен қорғау жөніндегі 2005 жылға арналған іс-шаралар жоспары (1-қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс аумағында ірі өрттердің, апаттардың, зіл зала мен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық жедел штаб құрылсын (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер аудан, қала әкімдіктерімен келісе отырып:
Тармақша 1
1) Аудан аумағындағы қолда бар адам күшін, өрт сөндіру техникалары мен көлік құралдарын ескере отырып орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру жоспарларын бекітсін;
Тармақша 2
2) Орман өрттерін сөндіру үшін елді-мекендерге жақын орналасқан ормандарды бекітіп берсін;
Тармақша 3
3) «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалының келісімі болмаса өрт сөндіру техникаларын жеке меншікке беруге және қолданыстан шығаруға тыйым салсын;
Тармақша 4
4) өрт қаупі бар кезеңде адамдар мен көліктердің орманға баруына шектеулер жасасын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментпен және «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалымен келісе отырып орман өрттерімен күресу күштерінің бірлескен іс-қимылдар Жоспарын орындау бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментіне, «Қазақстан темір жолы» «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақмола тасымалдау бөлімшесіне (келісім бойынша), Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасына (келісім бойынша), «Көкшетау» және «Бурабай» ұлттық мемлекеттік табиғи парктеріне (келісім бойынша) (әрі қарай - ҰМТП), «Көкшетау Энерго» ЖШС-не, «АРЭК» ЖАҚ-на (келісім бойынша) орман маңында, темір жол мен тас жолдардың, электр желілерінің бойында өрт қауіпсіздігі жолақтары жыртылуын, олардың қоқыстан, ағаш бұтақтары үйінділерінен таза ұсталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ішкі істер бас басқармасына (келісім бойынша), «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалына:
Тармақша 1
1) демалыс орындарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан балалардың сауықтыру лагерлерінің, туристік базалардың және елді-мекендердің аумақтарында өрт қауіпсіздігі сақталуы жағдайын тексеріп отыру;
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің, стандарттардың талаптарын бұзса, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіп бойынша тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментпен және «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалы, «Бурабай» және «Көкшетау» ҰМТП-тері (келісімдері бойынша).
Тармақша 1
1) тұрғындар арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және сақтық шараларын насихаттау бойынша жұмысты әрдайым жүргізсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті ай сайын осы қаулының орындалу барысы туралы облыс әкімі аппаратына ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 9
9. «Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/125, мемлекеттiк тiркеу № 1853 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 19
Ақмола облысы әкімдігінің
2005ж.02.04 № а-4/99
қаулысына 1-қосымша
Ақмола облысының ормандарын өрттен қорғау жөніндегі 2005 жылына арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№
Іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Орындаушы
1.
«Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалымен келісе отырып өрт сөндіру жоспарлары мен өрт сөндіруге, қандай меншік түріне жататындығына қарамастан көліктер мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің техникаларын тарту тетіктерін дайындап бекіттіру. Сонымен қатар, өрт сөндіруге қатыстырылатындарды көлікпен қамтамасыз ету, медициналық көмекпен, орман өрттерін сөндіруге жұмсаған шығындарын өтеу
әрдайым
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (келісімі бойынша)
2.
Орман өрттеріне қарсы құралдар мен күштерді жұмылдыру жоспарын әзірлеп төтенше жағдайлар департаментімен және «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жүмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалымен келісу
Сәуір
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
3.
Өрт қауіпті кезең басталғанға дейін төтенше жағдайлар департаментімен және «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалымен келісе отырып ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің дайындығын тексеру
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
4.
Орман маңында немесе орман ішінде орналасқан елді мекендерде, демалыс аймақтарында, шипажайларда, пансионаттар мен басқа нысандарда өрт сөндіру техникалық тексерістерін жүргізу
әрдайым
төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы (келісімі бойынша)
5.
Халықтың демалысы үшін бөлінген орман алқаптарын жайлыландыру шараларын әзірлеу және ол алқаптарды өрт қауіпті кезеңде күзетуді ұйымдастыру
2005 жыл сәуір
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (келісімі бойынша)
6.
Ірі көлемді орман өрттерін жоюға қолданылатын құралдар мен күштерді жұмылдыру жөнінде облыстық (аудандық) жоспарларды байқау және түзету үшін өрт сөндіру тактикалық жаттығуларын өткізуді ұйымдастыру
Сәуір-мамыр
төтенше жағдайлар департаменті, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
7.
«Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы базасында орманды қорғау, егерлік қызмет, ерекше қорғалатын аумақтардың күзет қызметі қызметкерлерін орман, дала өрттерін сөндіру әдістеріне және оларды сөндіру кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелеріне үйрету
2005 жыл сәуір
«Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
8.
Өрт қауіпті кезеңге дайындалу кезінде:
-орманды қорғау, егерлік қызмет, ерекше қорғалатын аумақтардың күзет қызметі қызметкерлерін аттестациялау;
-өрт сөндіру техникалары мен кұралдарын жөндеуден өткізу, жанар-жағар майдың қосалқы қорын дайындау
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
9.
Орман өрті ошағы болуы мүмкін аумақтарда бақылау бекеттерін құру
2005 жыл сәуір
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
10.
Орман өртіне байланысты төтенше жағдайда жедел жеткізу үшін өрт қауіпті кезеңге арнап инженерлік техникалар мен жанар-жағар май қорын құруды қамтамасыз ету
2005 жыл сәуір
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, аудан әкімдіктері
11.
Ішкі істер басқармасымен және жол полициясы басқармасымен бірлесе отырып әрбір мемлекеттік мекемеде орманды қорғау және халық демалатын жерлерде патрульдеу жөнінде жедел топтар ұйымдастыру
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Ішкі істер бас басқармасы, жол полициясы басқармасы (келісімі бойынша)
12.
Орман өрттеріне қатысты жедел іздестіру шаралары мен тергеу жұмыстарының және орман өрттеріне байланысты қылмыстардың ашылу сапасын жақсартуды бақылауды ұйымдастыру
әрдайым
Ішкі істер бас басқармасы (келісімі бойынша)
13.
Өртке қарсы іс-шаралардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету (минералдандырылған жолақтары, өртке қарсы жер жыртулар салу, минералдандырылған жолақтарды күтіп ұстау, орманды қоқыстардан тазарту және т.б.)
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
14.
Қарамағында электр және радио байланысы желілері бар кәсіпорындар мен ұйымдар, осы желілері өтетін жерлерді қауіпсіз қашықтықта жыртып ұстау, мұндай желілердің ағаш бағандары мен ашаларын қуаңшылық жерлерде 2-2,5 м радиуста айналасын қазып ұстау.
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
15.
Облыс ормандарында өрт қауіпсіздігі дәрежесін анықтау үшін метеорологиялық бақылауды қамтамасыз ету
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
16.
Халық демалатын жерлерде, балаларды сауықтыру лагерлерінде, орман алқабына жақын жолдарда қадағалауды күшейту
Сәуір-қазан
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
17.
Халықтың, орманды пайдаланушылардың арасында, мектептерде, балаларды сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
18.
Ай сайын облыстық теледидар мен радио арқылы орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесін жариялап отыру
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
19
Облыстың мемлекеттік орман қоры аумағындағы негізгі жолдарда орнатылған табиғатты қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі аншлагтарды, плакаттарды жаңарту, жөндеу, қалпына келтіру
2005 жыл наурыз
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
20.
Ірі көлемді табиғат өрттерін жою кезінде тұрақты байланыс жасау үшін, төтенше жағдайлар департаментінің қысқа толқынды радиостанцияларын қолданып далалық байланыс тораптарын орнату
әрдайым
Төтенше жағдайлар департаменті (келісімі бойынша)
21.
Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлері ұсынған іс-шараларды орман шаруашылықтарының басшылары орындап отыруына тұрақты бақылауды жүзеге
асыру
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
22.
Орманда от алдыру, жағар май жүйесі дұрыс істейтін техникаларды қолдану, ұшқын бұқтырғыштары жоқ техникаларды орманда жұмыс істеуге қолдануға тыйым салу
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
23.
Орман өрттері туралы мемлекеттік мекемелерді хабарландыру тәртібі белгілеу, төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы:
а) өрт оқиғасы туралы жедел хабар:
орман шаруашылығы - ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі - өрт сөндіру бөлімшесінің кезекшісіне және аудан әкімдігіне;
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментіне;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне;
төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының кезекшісіне.
б) өрт сөндіру барысы туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментін, төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалын хабардар етіп отыру
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
24.
Өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік мекемелер мен өртке қарсы қызмет арасында тұрақты жедел байланысты қамтамасыз ету
2005 ж.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
25.
Орман шаруашылығы бөлімшелері арасында өрт қауіпті кезеңде тұрақты байланысты қамтамасыз ету: орман шаруашылығы: ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер - табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
26.
Жер пайдаланушылармен орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде келісімдер жасау
2005 ж
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
27.
Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің өртке қарсы іс-шараларға бағытталған арнайы қаржыларын өсіруді қарастыру
2005 ж
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
28.
Өрт қауіпті кезеңде халықтың орманға баруына және көліктердің кіруіне тыйым салу, рұқсат арқылы кіруді белгілеу
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
29.
Орман және дала алқаптарынан өтетін темір жол мен автожол бойындағы жолақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану
әрдайым
Ақмола темір жол бөлімшесі, Ақмола облысының автожолдар басқармасы (келісімі бойынша)
30.
Өрт сөндіру поезын әкеліп әскери дайындықта ұстау
әрдайым
Ақмола темір жол бөлімшесі (келісімі бойынша)
31.
Жылжымалы құрам паркін өрт қауіпсіз жағдайға келтіру, ол үшін барлық локомотивтерді ұшқын бұқтырғыш сүзгілермен жабдықтау, өртке қарсы толық жабдықталмаған локомотивтерді пайдалануға жібермеу
әрдайым
Ақмола темір жол бөлімшесі (келісімі бойынша)
32.
Орман алқаптарын ұшақтармен және тікұшақтармен әрдайым патрульдеуді ұйымдастыру, орман өрттерін сөндіруге қатысатын басқа ұйымдардың ұшақтарын, тікұшақтарын, өрт сөндіру, апаттан құтқару техникаларын қолдану бойынша шығындарды қаржыландыру және өтеу шарттарын белгілеу
әрдайым
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
33.
Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына сәйкес ірі орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерін қатыстырған жағдайда пайдалану үшін қажетті өрт сөндіру құралдарының қорын (күрек, шелек, жапқы, балта, аспалы су бүріккіштер және т.б.) қамтамасыз ету
Өрт қауіпті кезең басталғанға дейін
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер
Басқа 20
Ақмола облысы әкімдігінің
2005ж.02.04 № а-4/99
қаулысына 2-қосымша
Орман және даладағы ірі өрт ошақтарын, апаттарды, зіл зала және басқа да төтенше жағдайлардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі облыстық жедел штабтың ҚҰРАМЫ
1
Отаров Қадырхан Махмұтұлы
Облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы
2
Пранге Вадим Владимирович
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
3
Ысқақов Зейноллаби Ысқақұлы
Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы (келісімі бойынша)
4
Кәкімов Талғат Базарұлы
«Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалы (келісімі бойынша)
5
Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы
Ақмола облыстық ІІББ-ның бастығы (келісімі бойынша)
6
Қынышпаев Бақыт Нұрахметұлы
Ақмола облыстық әскери комиссары (келісімі бойынша)
7
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы
Ақмола облысы ауыл шаруашылық департаментінің директоры
8
Сексенбаев Жәркен Кәкімұлы
Ақмола телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісімі бойынша)
9
Жұматаев Жақсылық Төлеуұлы
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Ақмола тасымалдау бөлімшесі филиалының директоры (келісімі бойынша)
10
Сәдуақасов Нұрбек Қабиденұлы
Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры
11
Ақылбеков Берік Секербайұлы
«Көкшетау-Энерго» ЖШС-нің директоры (келісімі бойынша)
12
Новиков Олег Анатольевич
«АРЭК» ЖАҚ-ның директоры (келісімі бойынша)
13
Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы
Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (келісімі бойынша)