Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле–июне и октябре-декабре 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6- бабы 1-тармағының 14) тармақшасы мен 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамаггарын 2005 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1551 Жарлығын орындауда, Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінгі қалдыру құқығынан айырылған азаматтар мерзімдік әскери кызметке кезекті шақырылуы 2005 жылғы сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында жұргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдіктері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру мен медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі (басқарма) бөлімдеріне қажетті молшерде дәрігер- мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлінсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру ұшін хабарландыру және іздестіру тобын құрсын, оларды көлік қүралдарымен және жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) мерзімдік әскери қызметті отеу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына Жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссияга облыстық жиналу пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауга байланысты шыгыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен қарастырылган қаражат шегінде жүргізілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жиналу пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталсын;
Тармақша 6
6) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (басқармаға) әскерге шақыру пункттеріне жабдықталган орындар болу жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаментіне (Е.М.Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетіспейтін дәрігер- мамандармен, медициналық қүраядар және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының корғаныс істері жөніндегі департаментімен (Д.К.Жұмабаев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыруға сәйкес жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан темір жолы" Үлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Қостанай тасымалдау бөлімшесіне ұсынылсын (А.Н. Құдайбергенов) Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тапсырыстары бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қорғаны істері жөніндегі департаментіне ұсынылсын (Д.К. Жүмабаев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылгы 16 мамырдагы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес әскерге шақыру пункттері мен облыстық жиналу пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық асты үйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасына ұсынылсын (М.С. Жаманбаев) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін. Ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) облыстық жиналу пунктінде,қалалық және аудандық әскерге Шақырушылар пунктгерінде әскери. шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін демалыссыз полиция нарядын бөлсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды жөнелту кезінде облыстық жиналу пункті және темір жол вокзалында коғамдық тәртіпті қолдау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Қала және аудан әкімдіктері әскерге шақыруды ұйымдастыру, жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі 2005 жылдың бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен дер кезінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жүмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2005 жылғы 10 шілдеге және 2006 жылдың 10 қаңтарына дейін берілсін.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылғы қазан-желтоқсандағы азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2004 жылғы 23 қыркүйектегі № 115/6 бр. шешімгінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3169), «Қостанай Таңы» № 129, 2004 жылғы 20 қазан, «Костанайские новости» № 148, 2004 жылғы 19 қазан және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылғы қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" мәслихат және әкімнің 2004 жылғы 23 қыркүектегі № 115/6 св. бірлескен шешіміне өзгертулер енгізу туралы" 2004 жылғы 18 қарашадағы № 130/7 бр. шешімдерінің күші жойылды деп танылсын (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3253).
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г.Қ. Қүсайыноваға жүктелсін.