О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамтамасыз етсін және жоғарыда аталған Заңның 35-бабына сәйкес медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы бірінші қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау департаменті әскери қызметке шақыру басталғанға дейін қалалық, облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін. Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабына сәйкес дәрігер мамандардың, орташа медициналық, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген кездегі жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 4
4. Шақырушыларға сапалы медициналық куәландыру өткізу мақсатында облыстық медициналық комиссиясының келесі Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне шығулары ұйымдастырылсын: - Атбасар қаласына (Атбасар ауданы) 2005 жылдың 18-20 сәуірі аралығында; - Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2005 жылдың 21-23 сәуірі аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен бірлесе отырып облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақыласын және әскери бөлімдерге жас толықтырма командаларын жіберу мен құрылымдарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығына (келісім бойынша) 2005 жылғы 15 шілде мен 2006 жылғы 15 қаңтарға дейін сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық шақыру комиссиясының төрағасы К.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 10. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімінің шешіміне 1 қосымша 18.04.2005ж. № 10 ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ: Отаров Кәдірхан Махмұтұлы - облыс әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы - Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің шақыру комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Кәбденов Мұрат Талапұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары (келісім бойынша) Түкенов Бейбіт Ұзақұлы - денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Белогуб Николай Николаевич - Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының - шақыру жөніндегі орынбасары екінші бөлім бастығы (келісім бойынша) Ғалиев Ринат Рустамұлы - екінші шақыру бөлімінің әскери аға маманы терапевт дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірхановна -облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ: Нұрғaлиев Aсқар Қaйыртaйұлы - облыс әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрайымы Мұсаев Дәтқабек Өмірбекұлы - Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Қинаятов Қайырлы Молдахметұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары (келісім бойынша) Кәкенов Серік Қабдөшұлы - облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы Молчанова Елена Николаевна - облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы