Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың 2005 жылғы жылғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың 2005 жылғы жылғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы 361-ІІ Заңын басшылыққа алып қабылданған облыс әкімдігінің 2005 жыл 1 сәуірдегі № 99 қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31- бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ауданда тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру ауыз сумен қамтамасыз ету обьектілерінің, базарлардың санитарлық-техникалық жағдайларын қажетті деңгейге жеткізу мақсатында 2005 жылғы 25 сәуір 25 мамыр аралығында меншікті нысандарына қарамастан тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың 2005 жылғы жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Меншіктің барлық түріндегі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру обьектілерінің, базарлардың басшыларына: сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін, базарларды тиісті санитарлық техникалық қалыпқа келтіру; өндірілетін және сақталатын өнімдер сапасының зертханалық бақылауға алынуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ойыл селосы тұрғындарын ауыз сумен қамту саласы бойынша «Көкжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (Б. Абдуллин) және ауылдық округ әкімдеріне өз аймақтары бойынша тұрғындардың тұтынатын ауыз судың жазғы кезеңде санитарлық тазалық талаптарын сақтау мақсатында: істен шыққан су құбырларының жұмысын қалыпқа келтіру, ауыз су алатын құдықтар мен колонкалардың санитарлық қорғалатын аймақтарына өндеу жүргізу; әрбір су құбырын, шахталық құдықтарды тазарту, жуу және зарарсыздандыру; шахталық құдықтарды тиісті санитарлық- техникалық қалыпқа келтіру; ауыз су сапасының тұрақты зертханалық бақылауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің» аудандық бөлімі (Р. Қабдолова) байқаудың барысы туралы әр апта сайын аудан әкімі аппаратын хабардар етіп отырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.