О мерах по усилению противопожарной защиты лесов и населенных пунктов Восточно-Казахстанской области в пожароопасный период 2005 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы өрт қауіптілігі маусымында Шығыс Қазақстан облысының ормандары мен елді мекендерін өртке қарсы қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы Облыстың орман және дала аймақтарын өртке қарсы қорғауға жасалған талдау, 2004 жылы қалалар мен аудандар әкімдерінің, орман шаруашылық өңірлердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларының күшімен жазғы өрт қауіптілігі кезеңіне дайындық бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін, республикалық ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық базасының елеулі бекігенін көрсетеді. Осының бәрі мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерінің болуына жол бермеді. 2004 жылы облыс аумағында 203 орман өрттері оқиғасы болып, өрт жүріп өткен жердің көлемі 672,6 гектарды, зиян 3,2 млн теңгені құрады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2004 жылы орман өрттерінің көлемі 2003 жылға қарағанда 60 есе азайды. Орман және дала өрттерінің пайда болуы мен таралуын болдырмау, оларды жою, елді мекендерді өртке қарсы қорғау, адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру, облыс аумағында ірі өртті жоюға қатысатын жедел қызметтер мен әр түрлі меншік нысанындағы субъектілердің арасында өзара байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қоры аумағында 2005 жылғы өрт қауіптілігі маусымына арналған орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін (ары қарай Жоспар).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Облыс ормандары мен елді мекендерін өртке қарсы қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 20 қыркүйектегі N 10 қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовке жүктелсін.
Басқа 5. Мемлекеттік орман қоры аумағында 2005 жылғы өрт қауіптілігі маусымына арналған орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша іс-шаралардың жоспары
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 192 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында 2005 жылғы өрт қауіптілігі маусымына арналған орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша іс-шаралардың жоспары N Іс-шаралардың атауы Аяқталу нысаны Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзімі 1 2 3 4 5 1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман өрттерін сөндірудің жедел жоспарларын дер кезінде жасауын қамтамасыз ету және олардың жүзеге асуына бақылау жасау. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіп- тілігі маусымы бастал- ғанға дейін 2. Жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өртке қарсы техникаларын, көліктік және басқа да құралдарын орман өрттерін сөндіруге тарту тәртібін әзірлеу. Облыс әкіміне ақпарат Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы (келісім бойынша) 2005 жылғы 20 мамырға 3. Шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы аңыздарында, шабындықтар мен жайылымдарында бидайдың түбі мен сабанды және басқа да өсімдік қалдықтарын өртеуді, орман қорына іргелес аумақтарда шөптесін өсімдіктерді жандыруды жүргізу кездерінде Қазақстан Республикасының ормандарындағы Өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаулары үшін бақылау жасауды қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Қалалар мен аудандардың әкімдері, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы (келісім бойынша), Ішкі істер  бас басқармасы (келісім бойынша) Ағымдағы жылдың сәуір- қараша айлары 4. Орман өрттерін өшіруді ұйымдастырған кезде осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды қозғалыс, өрт сөндіру құралдарымен, тамақтандыру және медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Қалалар мен аудандардың әкімдері Өрт болған жағдайда 5. Өрт қауіптілігі жоғары маусымында автокөліктер мен халықтың орманға баруын шектеу туралы дер кезінде шешім қабылдау. Міндетті түрде орман алқаптарына кіретін жерлерде полиция бөлімшелерімен бірге күзет посттарын қоюмен қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Қалалар мен аудандардың әкімдері, Ішкі істер  бас басқармасы (келісім бойынша), облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Ағымдағы жылдың сәуір- қазан айлары 6. Јкімдіктің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, орман өрттері қызметтерінің регламенттеріне сәйкес орман және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 7. Мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттерді сөндіру үшін өрт қауіптілігі маусымына  жанар-жағармай материалдарының резервін жасау. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті лігі маусымы на дейін 8. Жоғары өрт қауіптілігі маусымында мемлекеттік орман күзетінің күштерімен тұрақты патруль жасаумен қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Жоғары өрт қауіпті- лігі маусы- мында 9. Мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман пайдаланушылардың - жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 10. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өрт- химия станцияларын (ӨХС) толық жауынгерлік дайындыққа келтіру. ӨХС-н жабдықтауға бөлінген қаражатты толығымен игеру. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Ағымдағы жылдың сәуір- қазан айлары 11. Орман өрттері туралы жеткен хабарларды қабылдау пункттерін ұйымдастыру, оларда кезекшілік ұйымдастыру. Жол бойына мүмкін болатын әдістермен осы пункттер орналасқан жерлерді көрсететін белгілер мен құлақтандыруларды  орналастыру. Өрт-химия станцияларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Ағымдағы жылдың сәуір- қазан айлары 12. Орман алқаптарына апаратын жолдарға, халық неғұрлым көп баратын ормандарда, туристік маршруттарда, демалыс үйлері мен туристік базалардың аумағына  өртке қарсы тақырыптағы аншлагтар, сол уақыттағы өрт қауіптілігі туралы үнемі жаңартылып тұратын хабарландыруларды орнатуды ұйымдастыру. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Ағымдағы жылдың сәуір айы 13. Теміржол, автомобиль жолдары бойына, қылқан жапырақты жас ағаштардың, орман дақылдарының, бағалы орман алқаптарының,  орманда орналасқан тұрғын және өндірістік объектілердің айналасына Өрт қауіпсіздігі ережелерін регламенттейтін минералданған қорғаныс жолақтарын орналастыруды ұйымдастыру. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Семей магистраль жүйесі (келісім бойынша), облыстық жолаушы көліктері мен автомобиль жолдары басқармасы, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Ағымдағы жылдың мамыр айы 14. Орман қоры аумағында ақаусыз ұшқын өшіргішпен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған көлік құралдарын, ауыл шаруашылық және басқа да өздігімен жүретін техникаларды пайдалануға тыйым салу шараларын қолдану. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, Ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша), "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 15. Ормандардың сызбакартасына су көздерінің, жолдардың, өрт-химия станцияларының  орналасқан жерлері және басқа қажетті мәліметтерді көрсетіп өзгерістер енгізу. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бастал- ғанға дейін 16. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс ормандарындағы өрттің алдан алу, өрттің қауіптілігі және "Қазақстан Республикасы ормандарындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерінің" талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз ету. Облыс әкіміне ақпарат Қала және аудан әкімдері, Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 17. Елді мекендердегі, мемлекеттік орман қорына жанасатын немесе тікелей сол жерлерде шаруашылық объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі жағдайларына меншіктік нысанына қарамастан мемлекеттік бақылауды күшейту. Облыс әкіміне ақпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша  Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 18. Орман және дала өрттерін жоюға және орман мен дала өрттерін сөндіруге тартылған күштер мен құралдарға басшылық жасауға қатысу. Облыс әкіміне ақпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша  Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы (келісім бойынша), облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 19. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша  Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасына ҚР Їкіметінің "ҚР аумағындағы өрттерге және олардың зардаптарына мемлекеттік есеп жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысымен белгіленген мерзім мен нысан бойынша өрт туралы мәліметтер ұсыну. Облыс әкіміне ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Өрт қауіпті- лігі маусымы бойы 20. Өрт техникаларын жеке қолдануға беруге және  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша  Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасының келісімінсіз есептен шығарып тастауға тыйым салу Облыс әкіміне ақпарат Қалалар мен аудандардың әкімдері, Қаржы департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО бойынша  Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы (келісім бойынша), "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (келісім бойынша) Жыл қорытын- дысы бойынша тұрақты Аппарат басшысы