О некоторых вопросах кредитования на 2005 год бюджетов районов (городов областного значения) на строительство жилья Күшін жойған
Басқа 0
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N№57 қаулысын орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 2005 жылға кредит беру шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар аудандар мен қалалардың 2005 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ осы қаулының 3-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін 10 (он) күнтізбелік ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін берсін.
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы қаулының 2-тармағы орындалғаннан кейін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына 2005 жылға арналған Республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан Шартта көзделген шарттарда 5909000000 (бес миллиард тоғыз жүз тоғыз миллион) теңге сомасында үй салуға кредиттер бөлінсін, оның ішінде:
Шымкент қаласына - 5318137000 теңге;
Түркістан қаласына - 7 8658000 теңге;
Арыс қаласына - 25308000 теңге;
Қазығұрт ауданына - 65300000 теңге;
Мақтаарал ауданына - 86129000 теңге;
Ордабасы ауданына - 46632000 теңге;
Сарыағаш ауданына - 90228000 теңге;
Сайрам ауданына - 139323000 теңге;
Төлеби ауданына - 31361000 теңге;
Түлкібас ауданына - 27924000 теңге.
Тармақ 4
4. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) аудандардың (облыстың маңызы бар қалалардың) жергілікті атқару органдарының кредиттерді мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын, оның ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының кредиттерді қайтаруын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Әшірбаевқа жүктелсін.
Басқа 9
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 25 сәуірдегі
N 247 қаулысымен бекітілген
Облыс аудандарының (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй салу үшін сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 2005 жылға
кредит беру ережесі
Тармақ 1
1. Осы ереже облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 2 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 13/130-ІІІ шешімімен көзделген қаражат есебінен облыстық аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға 5909000000 (бес миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасында кредит беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Облыс аудандарының (облыстық маңызы бар қалаларының) жергілікті атқарушы органдарына кредиттер тұрғын үй салуға 2 (екі) жыл мерзіммен сыйақының нөлдік ставкасы бойынша бөлінеді.
Тармақ 3
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары 1 (бір) шаршы метрі 350 (үш жүз елу) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы тиіс, толығымен әрленген тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі заңнамаға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдармен және облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен үш жақты кредит келісімдерін жасасады.
Тармақ 5
5. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары кредиттерді облыстық бюджетке белгіленген мерзімде қайтаруды жүргізеді.
Тармақ 6
6. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті заңнамаға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы және уақтылы қайтармауы фактілері анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдарды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) мақсатына сай пайдаланылмаған соманың 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде есептелген айыппұлдарды ескере отырып, мақсатына сай пайдаланылмаған соманы облыстық бюджеттің кірісіне;
Тармақша 2
2) кредит бойынша әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде өсімақы аудару қажеттігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары осы Шарттың 6 тармағында көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының келісімінсіз жергілікті бюджеттердің шоттарынан берешек соманы және есептелген өсімақы сомасын облыстық бюджеттің кірісіне есептен шығаруды жүргізеді.
Тармақша 2
2) заңнамада көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдайды.