Об организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков области на 2005 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы облыста балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 70-ө өкіміне сәйкес, жазғы каникул кезеңінде балалардың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылығы мен қылмысының алдын алу, қауіпсіздігін, денсаулығын нығайту және шығармашылық дамуы үшін, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Маңғыстау облысының қаржы департаменті /М.Б. Әлібекова/, Маңғыстау облысының білім департаменті /Қ.Б. Жұмашев/ тиісті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті /Б.Б. Өтесінов/, Маңғыстау облысының кәсіподақтар кеңесімен /И.А. Айналиев, келісім бойынша/ бірлесіп: ағымдағы жылда балалар мен жасөспірімдердің демалысының, сауықтырылуының және жұмыспен қамтылуының бағдарламасын әзірлесін және оны бекітсін; балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын, олардың құрамына кәсіподақ органдарының өкілдерін енгізсін; балалардың сауықтыру мекемелерінде санитарлық- эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етсін; оларды балалардың сауықтыру ұйымдарына жұмысқа жіберген кәсіпорындардың есебінен қызметші адамдарға бактериологиялық тексерілуін жүргізуді ұйымдастырсын; жетім балалардың, ата-аналардан қамқорынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы мен жұмыссыздар отбасындағы балалардың демалысы мен сауықтырылуын бірінші кезекте ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін; мектептен тыс ұйымдардың жанынан лагерлер, стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерлерін ұйымдастырсын; еңбек заңнамасына сәйкес жазғы каникул кезеңінде жасөспірімдер үшін жеңіл жұмыс бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде шаралар алсын; жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істейтін барлық мектептен тыс ұйымдарды жұмыспен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарына өз қызметкерлері балаларының жазғы демалысы мен сауықтырылуын қаржыландыру мен оны ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Маңғыстау облысының білім департаменті директорының міндетін атқарушы /Қ.Б. Жұмашев/: сауықтыру лагерлерінің қызметкерлерімен семинар мен балалардың денсаулығын қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама ұйымдастырсын; жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істейтін барлық мектептен тыс ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етсін; барлық лагерь мен демалыс аймағын есепке алуды жүргізсін, оларды заңнамаға сәйкес лицензиялауды, бос және иесіз лагерлердің болуына жол бермей, оларды толық пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті /Б.Б. Өтесінов/ Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментімен /А.F. Төлеғалиева/ бірлесіп: балалардың сауықтыру лагерлерін медицина қызметкерлерімен жасақтасын, қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің дәрі-дәрмек өнімдерін сатып алуына бақылауды қамтамасыз етсін; жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық жай-күйін тұрақты бақылауды жүзеге асырсын, олар орналасқан жерлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін; санитарлық- гигиеналық нормалар мен ережелерге сай емес үй- жайларда балалардың сауықтыру лагерлерін ашуға жол бермесін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер басқармасы /С.Ғ. Шахманов, келісім бойынша/: балаларды сауықтыру лагерлерінде балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және құқық тәртібін қамтамасыз етсін; жазғы каникул кезінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын азайтатын алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.С.Сейтмағанбетоваға жүктелсін.
Басқа 9
Маңғыстау облысы әкімиятының "2005 жылы облыста балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 142 қаулысымен бекітілген 2005 жылы облыста балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары Рет Іс-шаралардың атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1. Барлық лагерлердің лицензия- лауын жүзеге асыру және оларды толық пайдалану үшін шаралар қабылдау мамыр Маңғыстау облысының білім департаменті 2. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиясын құру мамыр Маңғыстау облысының білім департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері 3. Ұйымдасқан демалысты қажетсіне- тін жұмыссыз, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балалар- дың шектелген құрамын анықтау мамыр Маңғыстау облысының кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы /келісім бойынша/, Маңғыстау облысының білім департаменті 4. Балаларды сауықтыратын стационарлық сауықтыру лагерлерінің тізбесін жасау және оларда балалар сауықтыратын кәсіподақтық және ведомстволық шипажайын анықтау мамыр Маңғыстау облысының кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы /келісім бойынша/ 5. Жасылдандыру бригадаларының сандарын көбейту және олардың жұмыстарын жандандыру арқылы "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысу мамыр Маңғыстау облысының білім департаменті 6. Қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің білікті кадрлармен жасақталуына практикалық көмек көрсету мамыр Маңғыстау облысының білім департаменті Қалалар мен аудандардың әкімдері 7. Жазғы еңбек және демалыс лагерлеріндегі балалар арасында құқық бұзушылықты ескерту бойынша алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру маусым, тамыз Маңғыстау облысының ішкі істер басқармасы /келісім бойынша/ Қалалар мен аудандардың әкімдері 8. Жазғы каникул кезеңінде спорттық секциялардың, үйірмелердің және бірлестіктердің жұмыстарын жандандырып, облыс мектептерінде туристік жорықтар, экскурсия- лар, экспедициялар өткізу маусым, тамыз Маңғыстау облысының білім департаменті Қалалар мен аудандардың әкімдері 9. Жазғы сауықтыру лагерлерінің қабылдануына, тамақтың сапасына, сумен қамтамасыз етілуіне, медициналық куәландырылуына және санитарлық- гигиеналық ережелері мен норма- ларының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету мамыр- тамыз Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаменті Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемио- логиялық қадағалау департаменті 10. Жорықтар мен саяхаттарды ұйымдастыру және оларды өткізу кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мамыр- тамыз Маңғыстау облысының ішкі істер басқармасы /келісім бойынша/ 11. Облыстық, қалалық және аудандық газеттердің беттерінде, радио және теледидар хабарларында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс тәжірибелерді жазып көрсету маусым, тамыз Маңғыстау облысының ішкі саясат департаменті 12. 2005 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен олардың сауықтырылуын ұйымдастырудың қорытындысын және 2006 жылға арналған міндеттерді қарау қараша Маңғыстау облысының әкімияты Маңғыстау облысының кәсіподақтар кеңесінің қауымдастығы /келісім бойынша/