О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2005 году Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылы азаматтардың
жедел әскери қызметке
шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңдарына сәйкес 2005 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке ұйымдасқан түрде шақыру үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне:
Тармақша 1
1) Қалалық және аудандық әскери қызметке шақыру комиссиялары құрылсын, комиссиялардың төрағалығына тиісті қалалар мен аудандардын жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары тағайындалсын;
Тармақша 2
2) Әскери қызметке шақыру комиссияларының жұмысын және 2005 жылы жедел әскери қызметке шақыруға жататын,1978-1987 жылы туылған барлық азаматтардың шақыру пункттеріне ұйымдасқан түрде келулерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын;
Тармақша 3
3) Медициналық куәландыру және әскерге шақырылғандарды жеткізу жұмыстары ұйымдастырылсын: тұрғылықты жерінен қорғаныс ісі бойынша Бөлімдер және Басқарманың әскери қызметке шақыру комиссиясынан өту және кері қайту; Қарағанды қаласындағы облыстық жиналу пунктіндегі облыстық медициналық комиссиядан өту және кері қайту, тұрғылықты жерінен Қарағанды қаласындағы облыстық жиналу пунктінен әскери бөлімге аттандыру.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық әскери қызметке шақыру комиссияларының жұмыстарын бақылау және жетекшілік ету үшін облыстық шақыру комиссиясы мына ққрамда құрылсын:
Дарманқұлов Мұрат Ильтайұлы - Қорғаныс ісі жөніндегі Департаменттің
бастығы, комиссия төрағасы – полковник
(келісім бойынша);
Нұралиев Парда Тұрсынбайұлы – Қарағанды облысының жұмылдыру
даярлығы және төтенше жағдайлар
Департаментінің директоры міндетін
атқарушы – комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мұшелері:
Әуезов Әміржан Таңатарұлы - Қорғаныс істері жөніндегі Депатаменінің
шақыру басқармасы бастығының
орынбасары - медициналық комиссияс
төрағасы-медицина қызметінің
подполковнигі (келісім бойынша);
Кенжебаев Нұрбай Жақсыбайұлы - Денсаулық сақтау Департаменті
директорының орынбасары;
Лепеха Игорь Владимирович - Ішкі істер Департаменті бастығының
орынбасары – полиция полковнигі
(келісім бойынша);
Шинкорук Галина Васильевна - комиссия хатшысы;
Тармақ 3
3. Қарағанды облысының қорғаныс ісі Департаментіне (Дарманқұлов М.И.-келісім бойынша) Қазақстан Республикасының қолданылымдағы заңнамаларына сәйкес, әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша белгіленген шараларды орындау үшін (медициналық комиссияларды қамтамасыз ету, әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу, әскерге шақырылғандарды жеткізу, тамақтандыру, ғимараттарды санитарлық тазалықтан өткізу, үзіліссіз байланыс, ғимараттарды жөндеу т.б.) облыстық тиісті мекемелермен және ұйымдармен келісім-шарттар жасалу, жасалған келісім-шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаменті (Ермекбаев Қ.К) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын келісім-шарт бойынша маман дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлер құрамымен толықтырсын, облыстық жиналу пунктіне жедел әскери қызметке шақырылғандарды флюорографиялық және адамның иммунитет тапшылығы вирусіне тесеру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау Департаменті (Сатеков С.Т.) облыстық жиналу пункті ғимараттарының саниатрлық жағдайларын қадағалау барысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қарағанды облысының ішкі істер Департаментінде (Кулинич А.В. – келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 3 тармағына және 44 бабының 2 тармағына сәйкес өз құзырының деңге(дегі әскери міндетін орындаудан бас тартқан адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын. Әскери қызметке шақырудан бас тартқан адамдардың жеткізілуін, сондай-ақ шақырылғандардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы (Аманов Б.Р. – келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінде байланыс құралдарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру Департаменті (Тымченко С.Н.) қорғаныс ісі жөніндегі бөлімшелермен және басқармалармен бірлесе отырып, әскери – патриоттық және тәрбиелік шараларды жүзеге асыру үшін әскери қызметке шақырылғандарға арнеп әскери – спорттық жиындар, Қарулы Күштердің, соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскери қызметкерлермен кездесулер өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Қарағанды облысы мәдениет Департаменті (Омарбекова Р.К.) әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу күндерінде жастарға көркемөнерпаздардың және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсету шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы Департаменті (Нұрғалиев Н.А.) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды осы мақсатқа бөлінген қаржының көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы қауланың орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
КЕЛЕСІЛДІ
Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі
Департаментінің бастығы
полковник ______________М. И. Дарманқұлов
«4» мая 2005ж.
КЕЛЕСІЛДІ
Қарағанды облысының ішкі істері
Департаментінің бастығы
полиция полковнигі ______________А. В. Кулинич
«2» мая 2005ж.
КЕЛЕСІЛДІ
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
филиалының бастығы
______________Б. Аманов
«4» мая 2005ж.