Об утверждении Правил поддержки приоритетных направлений развития сельского хозяйства области на 2005 год Қолданыста
Басқа 0
Облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың 2005 жылға арналған басым бағыттарын қолдау Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес «Ақтөбе облысының 2003 - 2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасын» іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың
2005 жылға арналған басым бағыттарын қолдау Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысыньщ ауыл шаруашылығы департаменті» ММ (Е. Әжібаев) көрсетілген Қағидаға сәйкес облыстьщ бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді жұмсауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Өмірзақовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 5 мамырда
№ 164 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың 2005 жылға арналған басым бағыттарын қолдау Қағидасы
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида облыстық ауыл шаруашылығының дамытудың 2005 жылға басым бағыттарын облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және соның шегінде «Ақтөбе-Агросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі- Кәсіпорын) арқылы:
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін құрал-жабдықтар;
дәнді дақылдардың тұқымдарын 1-2 сыныпты егу стандартына дейін
жеткізу жөніндегі орталықтар құруға қажетті құрал-жабдықтар;
мал шаруашылығы бағытындағы механикаландырылған мал азығын
дайындау отрядтарын құру үшін ауыл шаруашылығы техникаларын;
етті-майлы бағыттағы орта және ірі қой шаруашылықтарын құру үшін
асыл тұқымды қойлар сатып алу жолымен қолдау тәртібі мен шарттарын
анықтайды.
Бөлім 2. 2. Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының негізгі ережелері мен қағидаттары
2. Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының негізгі ережелері мен қағидаттары
Тармақ 2
2. Кәсіпорынның ауыл шаруашылығы техникаларын, құрал-жабдықтар, асыл тұқымды қойларды сатып алуы және оларды кейін мал шаруашылығы бағытындағы механикаландырылған мал азығын дайындау отрядтарын;
тұқым дайындау жөніндегі орталықтар және орта және ірі қой шаруашылықтарын құру үшін ауыл шаруашылығын тауар өндірушілеріне
жалға (қаржы лизинг) беруі ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары болып табылады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдыктары, жануарлары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мерзімдік, ақылылық, қайтарымдылық шарты бойынша 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге, Косіпорынның жылдық 5 % аспайтын сыйақы ставкасы бойынша беріледі.
Тармақ 4
4. Кәсіпорынға төленетін сыйақы жылма жыл белгіленген кестеге сәйкес төленеді, ол қаржы лизинг шартының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 5
5. Сатып алынған техникаларды, құрал-жабдықтарды, асыл тұқымды қойларды ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мына тәртіппен
беріледі:
Тармақша 1
1) кәсіпорын, ауыл шаруашылығы құрылымдары аудан әкімдерінің кепілхаттарын, құқықтық белгілейтін құжаттарды, бизнес-жоспарды көрсеткеннен кейін алдағы жұмыстар көлемінің есептерін тексереді;
Тармақша 2
2) ауысымдық және маусымдық жүктеме нормалар бойынша тракторлар мен мал азығын дайындау техникаларының қажетті саны анықталады, осы техниканың құнына қайта есептеуде әрбір жоба бойынша бөлек қанша инвестиция қажеттігі анықталады;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы техникасының, құрал-жабдығының, асыл тұқымды қойларының әрбір түрі мен маркаларының қажеттілігіне сәйкес ауыл шаруашылығы құрылымы ауыл шаруашылығы техникасын жалға (қаржы лизингіне) алуға бірінші басшы қолы қойған және мөр басқан өтінім әзірлейді;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы құрылымы ұсынған және «Ақтөбе облысының
ауыл шаруашылығы департаменті» мемлекеттік мекемесі бекіткен өтінім
негізінде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен Кәсіпорын арасында ауыл
шаруашылығы техникаларын, құрал-жабдықтарын, асыл тұқымды қойларын
қаржы лизингіне жеткізіп беру шарты жасалады.
Тармақша 5
5) Ауыл шаруашылығы техникалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдейтін құрал-жабдықтар, асыл тұқымды қойлар ауыл шаруашылығы
құрылымдарына қаржы лизингтің үштен бір бөлігін төлегеннен кейін беріледі. Асыл тұқымды қойлар сатып алуға алғашқы 2 жылдық бизнес-жоспардың мүмкіндігіне қарай женілдікпен төлеуге жағдай жасалуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Лизингке ауыл шаруашылық техникаларын, құрал-жабдықтарын,
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтарды, тұқымдарды дайындау жөніндегі орталықтарды, орта және ірі қой шаруашылықтарын құру үшін асыл тұқымды қойлар сатып алуға тілек
білдірген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін мынадай:
құрал-жабдық алуға өтінімнің болуы;
бизнес - жоспардың болуы;
жобаны іске асыру үшін материалдық-техникалық базаның жеткілікті
болуы;
лизингалушы каржы жағдайынының орнықты болуы;
жоба іске асырылатын аймақта шикізат базасының жеткілікті болуы жеке шикізат базасының болғандығы құпталады немесе жергілікті өндірушілерден өндірілуші шикізатты сатып алу шартын көрсетуге қажет);
дайын өнімді өткізудің ойластырылған стратегиясының болуы (ықтимал сатып алушылармен өткізуге жасалған шарт немесе ниет хаттамасы);
осы салада тәжірибесінің болуы (мүмкіндігінше);
республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшалары есебінен бұрын алынған кредиттер бойынша қарыздың жоқтығы (Ақтөбе облыстық қаржы департаменті берген тиісті ақпаратпен расталады);
салықтар және бюджетке баска да міндетгі төлемдер бойынша қарыздың жоқтығын растайтын аныктамасының болуы;
соңғы есепті күнгі бухгалтерлік теңгерім түпнұқасының болуы;
жергілікті өндірутшлерден шикізат жеткізіп беру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы шарт немесе келісімнің болуы;
селекциялық-асыл тұқым жұмысының жоспарының болуы талаптары
қойылады.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаражаты есебінен жылма-жыл сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларына, құрал-жабдықтарға, асыл тұқымды қойларға қайтарылынған құнына қарай сақтандыру шараларын жүргізеді.
Тармақ 8
8. Жалға (лизингке) берілген ауыл шаруашылығы техникалары, құрал-жабдықтары, асыл тұқымды қойлар құны түгел қайтарылғанша Кәсіпорынның балансында болады және Кәсіпорын белгілеген сыйақыны қосып есептегенде барлық соманы төлегеннен кейін ғана олар ауыл шаруашылық тауаряарын өндірушілердің меншігіне өтеді.
Тармақ 9
9. Техникалардың, құрал-жабдықтардың, асыл тұқымды қойлардың құпын қайтару тәртібі мен мерзімі, сыйақы ставкасы Кәсіпорын мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында жасалған шарттарда
реттеледі.
Тармақ 10
10. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы құрылымы берген әрбір жоба бойынша ұсыныс әзірлейді және оны қарау және бекіту үшін «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ ұсынады.
Тармақ 11
11. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникаларын, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтарды, асыл тұқымды қойларды
сатып алуды ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге
асырады.
Тармақ 12
12. Жалдау (лизинг) жөніндегі шарттарда тараптардың тілегі бойынша
айыппұл санцияларын қолданбастан ұзақ мерзімде өтеу құқығы көзделуі
мүмкін.
Тармақ 13
13. Сатып алынған техникаларды, құрал-жабдьпсгарды, асыл тұқымды
қойларды тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілер Кәсіпорынға тиісінше есеп береді.
Кәсіпорын тиісінше есепті «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы
департаменті» ММ береді.
Тармақ 14
14. Лизингке алынған асыл тұқымды қойларды, техникаларды, құрал-жабдықтарды лизингтің барлық кезеңінде мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ жүзеге асырады.