О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года Қолданыста
Басқа 0
2005 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанындағы облыс аумағында
азаматтарды кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 13- бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1551 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында облыстық Мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін 1-қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандар және Атырау қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2)Атырау қаласы және аудандар әкімдері орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
Тармақша 3
3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасына медициналық куәландыру жүргізу үшін орынжайлар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың қажетті санын, сондай-ақ шақырушыларды жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін автокөліктер бөлсін;
Тармақша 4
4) азаматтардың шақыру комиссияларында медициналық куәландырудан өткізу және оларды әрі қарай әскери бөлімдерге жіберу үшін аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасына келуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын алсын;
Тармақша 5
5) шақыру комиссиялары мүшелерінің, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде шақыру (жинау) пункттеріне жұмысқа бөлінетін техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысын сақтасын;
Тармақша 6
6) запасқа шағарылған әскери қызметшілердің жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.
Тармақ 3
3. Шақыру кезеңіндегі облыстық әскери – дәрігерлік комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
Тармақша 1
1) шақыру кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық әскери – дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер – мамандармен, орта медициналық персоналмен жиынтықтап, тиісті пункттердің кабинеттерін медициналық жабдықпен және аспаптармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар санын бөлсін (3-қосымша);
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмысын жұргізуді, сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Атырау облысы Ішкі істер басқармасына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру кезеңінде Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пункттерінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың тұратын жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құру;
Тармақша 3
3) Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен келісім бойынша теміржол станцияларына, әскерге шақырушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының Атырау тасымалдау бөлімшесіне Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп, әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен аудандық (қалалық) шақыру пункттеріне дейін және кері қарай қызмет орнына, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жолдамасы бойынша қосымша тексеру үшін медициналық мекемелерге дейін және кері бағытында тасымалдауды жоспарлап, жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Меншік нысанына және ведомостволық бағыныштылығына қарамастан, ұйымдар басшыларына Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өтінімі бойынша шақыру кезеңінде әскери міндеттілер арасынан техникалық қызметкерлерін (ер адам), жұмыс орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қарауына жіберу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Атырау облысы Мәдениет бөлімі шақыру пункттерінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Атырау облысы Қаржы департаменті 2005 жылға бекітілген облыстық бюджетке сәйкес азаматттарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байналысты шығындардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Рысқалиевқа жүктелсін.
Басқа 24
2005 жылғы 27 сәуірдегі № 217-111
облыстық маслихат пен
2005 жылғы 25 сәуірдегі № 19
облыс әкімінің бірлескен шешіміне
1-қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Рысқалиев Бергей Сәулебайұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Рысғалиев Сағидолла Рысғалиұлы- Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
Нұрсейітова Тамара - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Сәнімқызы департаменті бөлімінің бастығының көмекшісі,
комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Балғожин Ерлан Өміртайұлы - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің әскери дәрігері
(келісім бойынша);
Нұржігітов Түрікпенбай Нұржігітұлы- Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті
директорының орынбасары;
Нұруденов Кеңес Сәлімұлы - Атырау облысы Ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Оңашев МерекеСәлімгерейұлы - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығының орынбасары
(келісім бойынша).
Басқа 25
2005 жылғы 27 сәуірдегі № 217-111
облыстық маслихат пен
2005 жылғы 25 сәуірдегі № 19
облыс әкімінің бірлескен шешіміне
2-қосымша
Облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның құрамы
Балғожин Ерлан Өміртайұлы - Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің терапевт дәрігері,
комиссия төрағасы
Бұлғақова Балғаным
Идиятқызы- терапевт, комиссия төрағасының орынбасары
Абдрахманов Бисенбай Абдрахманұлы- көз дәрігері
Әбілдиева Шара Жағалбайқызы- тіс дәрігері
Есенәлиева Сәуле Нұрмұхамбетқызы- терапевт
ЕгізбаевАян Жақсыбекұлы - хирург
Қарабалин Серік Тауышұлы - дерматовенеролог
Рахметов Нұрлан Қуанышқалиұлы
- психиатр
Рақымов Қанат Ташуұлы - рентгенолог
Сағыналиев Ибраhим Аташұлы - оториноларинголог
Төленова Зәуреш Сиражқызы- жүйке-тамыр аурулары дәрігері
Шармағамбетова Күләш Оразғалиқызы - фтизиатр
Емшібикелер - 4 адам
Басқа 26
2005 жылғы 27 сәуірдегі № 217-111
облыстық маслихат пен
2005 жылғы 25 сәуірдегі № 19
облыс әкімінің бірлескен шешіміне
3-қосымша
Әскер қатарына шақырылушылар стационарлық және
амбулаториялық медициналық тексеруден өтетін
емдеу-профилактикалық мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. Облыстық аурухана, диагностикалық-косультациялық орталығы (Атырау қаласы, Авангард мөлтек ауданы);
Тармақ 2
2. Облыстық психиатриялық аурухана
(Атырау қаласы, Авангард мөлтек ауданы);
Тармақ 3
3. Облыстық тері-венерологиялық диспансері
(Атырау қаласы, Авангард мөлтек ауданы);
Тармақ 4
4. Облыстық біріккен туберкулез ауруханасы (Атырау қаласы);
Тармақ 5
5. № 2 Атырау қалалық ауруханасы
(Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 14 үй);
Тармақ 6
6. Олбыстық тіс емдеу емханасы
(Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 23 үй);
Тармақ 7
7. Облыстық онкологиялық аурухана.
(Атырау қаласы, Авангард мөлтек ауданы);
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС
ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ
ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ - С.РЫСҒАЛИЕВ
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР
БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - М.ӘМІРОВ
АТЫРАУ ТАСЫМАЛДАУ
БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ - Ж.ІЗҒҰЛОВ
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - ИМАНҒАЛИЕВ