Об утверждении порогового уровня для прохождения промежуточного государственного контроля обучающихся в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан в 2005 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларының жалпы санының дұрыс жауаптары 40 %-ға тең, қалған барлық даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 30 %-ға тең шекті деңгей бекітілсін.
Тармақ 2
2. 25 % және одан астам мамандықтар бойынша мемлекеттік аралық бақылаудың шекті деңгейінен өтпеген білім алушылардың саны 7 % болған жағдайда жоғары оқу орны кезектен тыс мемлекеттік аттестатталуға жататындығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Орталық атқарушы және өзге де атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін N 33-36 бюллетенінде 993-бетте жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2851 тіркелген, "Жоғары оқу орындарында 2 (3) - курстарынан кейін білім алушыларды 2004 жылы аралық аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 351 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н.Гамарникке жүктелсін.