Об утверждении инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест и перечня организаций, предоставляющих социальные рабочие места для трудоустройства безработных, входящих в целевые группы населения, на 2005 год по Карабалыкскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды және Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 5 бабының 2 тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына, Қостанай облысы әкімдігінің 2003 жылғы 23 қазандағы № 230 «Қостанай облысы әкімдігінің 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды бекіту мақсатында, жұмыс берушілердің қолдау хаттары негізінде, Қарабалық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру үшін туралы нұсқаулығы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздарға еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - уәкілетті орган) (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздардың еңбек акысына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу төлеміне қызметтер көрсету бойынша шарт жасалсын;
Тармақша 2
2) тізбеге сәйкес ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін жіберілсін.
Тармақ 4
4. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 109 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды және Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ә. Қырықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2005 жылы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЫ
Әкімдіктің 2005 жылғы 16 мамыр № 155 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды және Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 1 қосымшасы бекітілді Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулыу (одан әрі - Нұсқауы) халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен негізгі жағдайлар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқауда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен жазбаша келісім жасап, аудандық бюджет қаражат есебінен қабылданған қызметкерлерге еңбек ақыға жұмыс берушілердің шығынын ішінара өтем ақыларын төлеу арқылы ұсынылатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар Қазақстан Республикасынаң «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа тұруға қиыншылық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар топтары, сондай-ақ Карабалық әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 46 «Нысаналы топтарға жататын халықты жұмыспен қамтуын көмектесу шаралары туралы» қаулысымен, 2005 жылғы 10 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3365, бекітілген тұлғалар тізбесі;
Тармақша 3
3) «Жастар төжірибесі» - жасы 21-ге дейінгі бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім орындарын бітірушілерді тәжірибе жинау, іскерлікке дағдылану мақсатында.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздар еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілерін пайдаланады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган әлеуметтік жұмысшы орындарына халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздар жұмысқа тұруға жәрдем береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру тәртібі мен еңбекке орналыстыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру тәртібі мен еңбекке орналыстыру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздарды осы жұмыс орындарына қабылдаған еңбек ақыға ішінара шығындарды өтеу арқылы меншікті қаражаттарды есебінен жұмыс берушілермен анықталады және құрылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданғандардың еңбекақысына ішінара шығындарды өтеуге қызметтер көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту және еңбекақыға арналған бюджеттік қаражаттарды тиімді пайданалу мақсатында аудандық әкімдігі халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесін жұмыс берушелердің жазбаша келісімімен анықтайды.
Тармақ 8
8. Әлемеуттік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналстыру келісім беру бойынша ұйымдарда уәкілетті орган жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Халықты нысаналы топтарынан тұратын аз қамтылған жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға басымдылық құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарды еңбек ақысы ай сайын жеке еңбек шартынын шарттарына сәйкес жұмыс берушілермен жүзеге асырылады және жұмыс орындау санынан және қиыншылығына байланысты болады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздарды еңбек ақысына жұмыс берушілердің шығындары жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен төменгі еңбекақыдан алты айдан аспайтын мерзімде 50 пайыз көлемінде төленеді. «Жастар тәжірибесі» жіберілген оқу орнын бітірушілер үшін ең төменгі еңбекақыдан 4 ай мерзімінде 100 пайызы төленеді. Бюджеттік қаражаттарды аудару жұмыс берушілердің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындаған мөлшермен төленеді.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына өзінің шығындарын төлеуге жергілікті (аудандық) бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландру тәртібіне бағылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландру тәртібіне бағылау
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқауын сақтау үшін бақылау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемелекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 31. Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздарға еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі
Әкімдіктің 2005 жылғы 16 мамыр № 155 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды және Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға арналған халықтын нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 2 қосымшасы бекітілді Қарабалық ауданы бойынша 2005 жылға нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздарға еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі