Об организации и проведении призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмi өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметтегi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 1551 Жарлығына сәйкес, 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзiмдi әскери қызметке уақтылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық мәслихат және әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз етудің және 2005 жылғы көктемгі және күзгі мерзімде әскери қызметке шақырылуға жататын 1978-1987 жылдары туылған барлық азаматтардың шақыру пунктiне ұйымшылдықпен келуiнің қажеттi шараларын алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау департаментіне:
Тармақша 1
1) облыстық жинақтау пунктiнiң медициналық бөлiмiне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрiгерлер мен медбикелердiң саны жеткiлікті бөлсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың флюорографиядан өтуі, анализ тапсыруы, қан топтарын анықтау және адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышын тексеруі қамтамасыз етілсiн;
Тармақша 3
3) жүйке және жан күйзелiсi аурулары, туберкулез, басыр, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлiк есепте тұрған адамдардың тiзiмi мен ауыру тарихының жазбасы, шақырылушының денсаулық жай-күйiн сипаттайтын дәрiгерлiк байқау мен диспансерлiк бақылаудың мәлiметтерi қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаментке уақытылы табыс етілсiн;
Тармақша 4
4) комиссияға жолданған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс тұрақты және амбулаториялық тексеруден өткізу қамтамасыз етсiн, ол үшiн облыстық, қалалық, және аудандық, емдеу мекемелерiнде ауруларға арналған төсек санын бөлінсiн;
Тармақша 5
5) комиссияның маман-дәрiгерлерi қажеттi аспап-жабдықтармен қамтамасыз етілсiн;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуi кезiнде қажеттi егу iстерi жүргiзсiн;
Тармақша 7
7) әскерге шақырылу кезеңінде 1978-1987 жылдары туылғандарды облыстық, қалалық және аудандық дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша емдеу мекемелеріне стационарлық емдеуге қабылдау қамтамасыз етсін;
Тармақша 8
8) қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық бөлімдерге, Ақтау қалалық басқармасына стационарлық емдеудегі әскерге шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлансын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, меншiк нысандарына қарамастан мекемелердiң, ұйымдар мен оқу орындардың басшылары, пәтер иелерi кооперативi басшылары әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өтуге қажеттi мезгiлге жұмыстан (оқудан) босатсын, әскерге шақырылғандарды iссапардан, еңбек демалысынан керi шақыртып алсын және де әскери-есеп столдары бастықтарының немесе кадр бөлiмi өкiлiнiң басшылығымен олардың шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етілсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық iшкi iстер басқармасына:
Тармақша 1
1) алдын-ала анықтау, тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылғандар туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы табыс етсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртiптi қамтамасыз ету үшiн облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдердің, Ақтау қаласы басқармасының өтінімдерi бойынша облыстық жинақтау пунктiне және аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің, басқарманың шақыру учаскелеріне, Маңғышлақ станциясының темiр жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретiн автобустарға полиция қызметкерлерi мен жол полициясының автокөліктері жеткілікті бөлінсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментiнiң директорынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1978-1987 жылдары туылған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылғандардың тiзiмін қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаментке табыс етуі сұралсын.
Тармақ 6
6. Батыс-Қазақстан темiр жолы Маңғышлақ станциясының бастығы әскерге шақырылушыларды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктiне және облыс орталығынан керi қарай тасымалдау үшiн тиісті өтінімдер бойынша орындарды уақытылы брондауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы "Арман" Облыстық жастар орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнынымен бiрлесiп, әскерге шақыру кезеңiнде әскерге шақырылушы жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк iс-шараларын ұйымдастыруға және өткiзуге белсендi қатыссын.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы департаменті әскерге шақыруға байланысты жоғарыда көрсетілген шараларды, шақырылушыларды әскери бөлiмшелерге жөнелтудi қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. "Қазақстан "Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық "Маңғыстау", "Огни Мангистау" газеттерiнiң редакциялары әскерге шақыру шаралары мен әскер қатарының жастармен толығуын кеңінен көрсететін болсын.
Тармақ 10
10. Шешiм мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.