2005 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» (әрі қарай - Заң) Заңының 13, 14 баптарына сәйкес, 2005 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырышуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай кұрамда комиссия бекітілсін:
Виктор Петрович Лавриков аудан әкімінің орьнбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрагасы.
Өмірбек Ыбрайұлы Әбілов Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Совет Тукенұлы Арбабаев аудандық ішкі істер басқармасының өкілі
Сейфуттдин Сәкенұлы Қабжанов ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер
Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Заңның 35 бабына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған кызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрагасы (Виктор Петрович Лавриков) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің ауруы немесе басқа орынды себептері жағдайында әскерге шақыру комиссиясының қосымша құрамы бекітілсін:
Мұрат Ойдашұлы Исабаев аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Сергей Александрович Ключников Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрагасының орынбасары
Орынтай Серикқызы Каирбекова аудандық ішкі істер басқармасының өкілі, полиция капитаны
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург, медициналық қызметкерлердің жұмысын басқарушы, дәрігер
Тармақ 6
6. Бухаржырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Өмірбек Ыбырайұлы Әбилов) кесте бойынша, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны Аудандық медициналық бірлестігінің директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев):
Тармақша 1
1) Бухаржырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға келісті, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер мен орта медициналық персонал санын бөлсін:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер-офтальмолог
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дерматолог
Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрігер-терапевт
Тишкен Ішкенқызы Ішкенова дәрігер-психиатр, невропатолог
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог
Татьяна Сергеевна Тихоновна дәрігер-отоларинголог
Тармақша 2
2) Дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының құрамы бекітілсін:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Мұрат Әлімұлы Байғожин дәрігер-терапевт
Гулжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер-стоматолог
Тармақша 3
3) Орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімді жүзеге асырсын.
Тармақша 4
4) Әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін.
Тармақша 5
5) Медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық сестралардың керекті санын бөлсін.
Тармақша 6
6) Әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендіге жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.
Тармақша 7
7) Аудандық ауруханада дәрігер-маман отоларингологтың жоқтығына байланысты, аудандық әскерге шақыру комиссияда жұмыс істеу үшін Ғабиден Мұстафин кентінде тұратын дәрігер-отоларинголог Татьяна Сергеевна Тихонова шақырылсын. Жұмысына байланысты дәрігер Татьяна Сергеевна Тихонова заңнамен белгіленген тәртіпте іссапарлық шығындары төленсін.
Тармақ 8
8. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Бухаржырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұктаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы әскери шақырудан өту үшін Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылудан және келуден бас тартып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіруге және оларды жеткізу үшін бекітілген смета шығындарына сәйкес жанар-май бөлсін.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөлімі (Жулдыз Кажибергеновна Капашева) Заңының 35 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты 2005 жылдың көктеміне ұйымдастырылып қарастырылған шараларын смета бойынша қаржыландырсын.
Тармақ 11
11. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 28 бабына сәйкес, Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясын күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақша 3
3) Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырылушылар жеткізілуін жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспары бойынша өткізсін;
Тармақша 4
4) Әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін;
Тармақ 12
12. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 13
13. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
Тармақ 14
14. Заңының 28 бабына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов):
Тармақша 1
1) Бухар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімін жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар;
ауыр қылмыс жасағындығы үшін сотталғандар;
екі немесе одан да көп сотталғандар туралы хабардар етсін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін. Ұсталғандарды іздеу және жеткізу бойынша шығындардың төленуін осы тұлғалар есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) Облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2005 жылдың 10 шілдесіне дейін ұсынсын.
Тармақ 16
16. «2004 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырулуын өткізу туралы» аудан әкімиятының 2004 жылғы 10 қыркүйекте № 19/26 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 1626 аудандық «Сарыарқа» газетінде 2004 жылдың 6 қазанында жарияланған).
Тармақ 17
17. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковқа жүктелсін.
Келісілген:
Аудандық ішкі істер басқармасы
М. Рақымжанов
12.04.2005
Аудандық медициналық
бірлістіктің директоры
Б. Мұздыбай
12.04.2005
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Ө. Әбілов
12.04.2005