Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалар мен жасөспірімдердің 2005 жылғы жаз мезгілінде демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 70-ө «2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімін іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихат сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктері:
Тармақша 1
1) облыстың аудандары мен қалаларында осы сияқты комиссиялар құрылсын;
Тармақша 2
2) барлық үлгідегі лагерлерді жөндеу, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп, оларды толық пайдалануды қамтамасыз етсін, уақытында даярлануы жөнінде ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
Тармақша 3
3) қала сыртындағы лагерлер жүйесін және санаторлық үлгідегі лагерлерді көбейту жөнінде іс-шаралар қабылдансын;
Тармақша 4
4) 2005 жылға қарастырған жергілікті бюджет қаржыларын жетім балаларды, біреудің бағып күтуіндегі балаларды, тұрмысы төмен отбасылардың (кіріс бір адамға 2 есептік көрсеткіштен аспайтын) балаларын, көп балалалы отбасы балаларын (3 баладан артық), жұмыссыздардың балаларын , ата-анасының бірі ғана тәрбиелейтін балаларды, денсаулығы нашар (созылмалы тәндік аурулармен ауыратын, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін) балаларды, дарынды балалардың (олимпиада резерві мектептерінің) демалысы мен сауықтыруға бағыттасын; кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеп тұрған санаторий-профилакторийларымен келісім бойынша, олардың базасында жоғарыда атап өтілген санаттардағы балалардың сауықтырылуын ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) облыстың жалпы білім беру мектептері жанынан балалардың күндіз болып және тамақтанатын сауықтыру лагерлерін құрсын;
Тармақша 6
6) мектептер жанынан мектеп аумағы мен елді мекендерді (ормандарды) көгалдандыру жөніндегі бригадалар құрсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесіне (Г.Г. Шек):
Тармақша 1
1) балалардың ассоциациясының және жастар ұйымдарының және облыстық кәсіподақтар кеңесімен келісіп балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау жөнінде міндетті нұсқау беріп, сауықтыру лагерлерінің аға вожатыйларын және жетекшілерін оқыту жүргізілсін;
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагері базасында «Ровесник» педагогикалық отрядының күшімен түрлі категориядағы балаларды сауықтыру және мектеп белсенділерін оқыту үшін облысаралық сауықтыру лагерін жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) мектеп-интернаттар мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің демалысы мен сауықтырылуына «Алтын гүл» және «Балдырған» сауықтыру лагерлерін дайындауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) қала сыртында сауықтыру лагерлері бар кәсіпорындар басшыларымен келісіп, лагерлерді тәрбиеші, вожатый және басқа қызметкерлермен қолданыстағы заңдылыққа сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесіне (Киколенко О.А.) 16-18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың қоғамдық жұмыстарымен барынша қамтылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» (Е. Ғалымжанов), «Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» мемлекеттік мекемелеріне (Пасичник В.П.) барлық үлгідегі жазғы сауықтыру мекемелерінің даярлық барысына қатаң санитарлық-гигиеналық бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысының суда құтқару қызметінің орталығы» мемлекеттік мекемесіне (А.Х. Маманов) балалардың сауықтыру ұйымдарында балалардың суға түсу қауіпсіздігі үшін бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Қостанай облыстық ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне (Жаманбаев М.С.) (келісім бойынша) балаларды тасымалдау қауыпсыздігін қамтамасыз етсін және сауықтыру лагерлерінде, еңбек және демалыс лагерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. «Қостанай облысы төтенше жағдайлар (ТЖ) саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Сембиев Н.М.) (келісім бойынша) сауықтыру лагерлерінде, еібек және демалыс лагерлерінде өрт қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Балалар мен жасөспірімдердің 2005 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2005 жылдың мамырдың 30-нан маусымның 10 дейін мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, балаларды сауықтыру мекемелерінің жұмысқа даярлығының байқауы мен қабылдауын өткізсін.
Тармақ 10
10. Жазғы сауықтыру кезеңін өткізуге даярлық барысы туралы облыс әкімдігінің балалардың демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі комиссиясына 2005 жылғы 10 маусымға текті ақпарат берсін.
Тармақ 11
11. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 159 «Балалар мен жасөспірімдердің 2005 жылғы жаз мезгілінде демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.