О проведении призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне, октябре-декабре 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Шығыс Казақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі №13 «1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» шешімін орындау үшін «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1551 Жарлығының негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 33-бабының,1- тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Тұнғатаров Н.Н.) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (№1 қосымша) және мерзімді әскери қызметін өту үшін азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды өткізу кестесі (№2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру 2005 жылғы сәуірдің 18 мен 21 аралығында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Жарма аудандық орталық ауруханасы» коммуналды қазыналық мемлекеттік кәсіпорны (Т.Брынзова)
Тармақ 1
1. медициналық куәландыру жүргізу үшін қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлсін;
Тармақша 2
2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
Тармақша 3
3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) шақыру комиссиясын қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) әскери қызметке шақыру жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырылушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітсін және келесі шақыруға дейін емделулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтер, кенттер және Шар қаласы әкімдері:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды шақыру комиссиясына жабдықталған көлікпен жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) іс сапарда, демалыста жүрген барлық шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өту, тұрақты емделу, сондай-ақ амбулаториялық анализдер тапсыру кезінде жұмыстан босатсын;
Тармақша 4
4) шақырылушыларға шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;
Тармақша 5
5) шақырылушыларды шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлсін және оларды тасымалдауда жазатайЫм оқиғалардан сақтаудың барлық шараларын сақтасын;
Тармақша 6
6) шақырылушыларды шақыру пунктіне жіберерде дербес шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарының болуын тексерсін;
Тармақша 7
7) шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді салтанатты жағдайда жүргізсін.
Тармақ 6
6. «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е. Ж. Нүрғалиев) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын үйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
Тармақ 7
7. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. М. Ибрайымов) әскери комиссариатқа әскерге шақыру кезеңіне үсынылған тапсырысқа сәйкес 2005 жылғы 1-ші сәуірден техникалық жүмысшыларды қоғамдық жүмысқа жолдасын.
Тармақ 8
8. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( М. С. Еділбаев ):
Тармақша 1
1) шақырылушыларды шақыру комиссиясынан өту үшін әкімшілік- аумақтық бірліктерден Георгиевка ауылына дейін жеткізу және қайтару, сондай-ақ әскерге жөнелту үшін;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімді әскерге шақыру кезінде автомобиль көлігімен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмауына байланысты, комиссариаттың қызмет бабындағы автокөлігіне жанар-жағар май және қосалқы бөлшектер сатып алуға;
Тармақша 3
3) екі адам көлемінде қызмет көрсетушілерді ұстауға әскери комиссариатқа ақшалай қаржы бөлсін.
Тармақ 9
9. «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Ш Шаймарданов) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген шақырылушылар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын, әскерге шақырылудан жалтарып жүргендерді іздестіруді қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда шақыру учаскесіне жеткізсін, медициналық шақыру комиссиясын өткізу кезінде кезекшілік ету үшін полиция нарядын бөлсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. М. Брынзовқа жүктелсін. Келісілді: Жарма ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы: Аудандық ішкі істер бастығы: «Жарма аудандық КҚМК бас дәрігері: Д.Мусин М. Шаймарданов Т.Брынзова
Басқа 26
«Азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Жарма ауданы әкімінің 2005 жылғы «23» мамырдағы № 7 шешіміне №1 қосымша Аудан әкімі аппаратының басшысы: Д.Садықов
Басқа 27. Мерзімді әскери қызметтен өту үшін азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды өткізу кестесі
«Азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Жарма аудан әкімінің 2005 жылғы «23» мамырдағы № 7 шешіміне №2 қосымша Мерзімді әскери қызметтен өту үшін азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды өткізу кестесі Аудан әкімі аппаратының басшысы: А. Садықов