Об охране и защите лесов Костанайской области в пожароопасный период 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының ормандарын 2005 жылы өрт қауіпі бар кезеңдерде күзету және қорғау туралы Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабына , Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес және Қостанай облысы аумағында өртті сөндіруге қатынасушы адамдар мен техниканы уақытылы іске жұмылдыру, жедел қызмет және әр түрлі нысандағы меншік субъектілері арасында өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қостанай облысы ормандарында өртті болдырмау мен химиялық күюден сақтау жөнінде, орман мен жануарлар дүниесін күзету мен қорғауға, өрттердің саны мен одан келетін зияндар мөлшерін тұрақты түрде азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті», мемлекеттік мекемесіне; «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» (келісім бойынша), «Қостанай облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» (келісім бойынша), Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемелеріне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын күзету, қорғау, өсіру және орманды пайдалану заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) өрттерді, олардың қауіптілігі мен ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілік шаралары, орман және жануарлар дүниесін күзету жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 65 «2004 жылы өрт қауіпі бар кезеңдерде Қостанай облысының ормандарын күзету және қорғау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2826, 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 48 «Костанайские новости», 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 39 «Қостанай таңы».
Тармақ 4
4. 2005 жылғы 23 мамырдағы № 165 «Қостанай облысының ормандарын 2005 жылы өрт қауіпі бар кезеңдерде күзету және қорғау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Т. Төлеубаевқа жүктелсін.
Басқа 8. Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау және химиялық күюден сақтау жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Әкімдіктің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 223 қаулысына қосымша Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау және химиялық күюден сақтау жөніндегі іс-шаралардың жоспары Іс-шаралардың атаулары Орындалу мерзімі Орындаушылар 1. Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның демалыс үйлері, балаларды сауықтыру лагерьлері, орман және жануарлар дүниесінің күзету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің орман өртімен күреске дайындықтарын тексеру сынағын өткізу. сәуір-мамыр МБҚБ (келісім бойынша), ҚСЖАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРЖТПРД. 2. Орманда жұмыс істеуші кәсіпорындардың, демалыс үйлерінің, балаларды сауықтыру лагерьлерінің, сондай-ақ орманда жүрген азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларына бақылау ұйымдастыру. Тұрақты ТРЖТПРД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 3. Нормативке сәйкес орманда өртке қарсы құрылымдарды және ерікті өрт жасақшыларын жиынтықтылауды өткізу және құрымды оқыту және тестілеуді өткізу. наурыз-сәуір Қалалар, аудандар, ауыл округтері мен селолар, кенттер Әкімдері, МБҚБ (келісім бойынша), ӨСЖАҚЖҚ (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 4. Өртке қарсы қолданылатын техникалар мен жабдықтарды жөндеуден өткізу. Нормативке сӘйкес өртке қарсы химиялық станцияларды техникамен, құрал жабдықтармен жиынтықтылау. қаңтар-сәуір Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 5. Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан темір, автомобиль жолдары бойындағы минералды алыпты, орман алқаптарын, орман дақылдарын, тұрғын үй және өндіріс объектілерін ұйымдастыру. Тұрақты ТРЖТПРД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, «Көліктік инфрақұрылымды дамыту комитеті Қостанай облыстық басқармасы» (келісім бойынша), «Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті», «Қазақстан темір жолы»ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қостанай магистралдық желі бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша). 6. Орман арқылы өтетін автомобиль жолдары бойына демалу және шылым шегу орындарын жабдықтау. Тұрақты Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 7. Өрт қауіпі бар мезгілде орман шаруашылығы, орман мекемесі кеңселерінде мереке және демалыс күндері жауапты қызметкерлерден тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Өрт қаупі жоғары кезеңде техникалардың және адамдардың мемлекеттік орман қоры аумағына рұқсатсыз және нұсқаусыз өтулеріне тыйым салынуын, сондай-ақ орман алқаптарына жақын жердегі орман мекемелерін кордондарды, елді мекендерді үздіксіз телефон байланысымен қамтамасыз ету. өрт қауіпі бар кезеңде ТРЖТПРД, ІІД (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 8. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды тексеру мақсатында халық көп келетін жерлерде бірлесіп күзетуді ұйымдастыру. өрт қауіпі бар кезеңде ТРЖТПРД, ІІД (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша), МБҚБ (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 9. Жер үсті күзетудің маршруттары тәсілін әзірлеу және бекіту, онда, ауа райы жағдайына сай өрт қауіптілігінің класына байланысты посттардың адамдар мен көліктердің орналасу орындары көрсетілсін. өртке қауіпті басталған кезеңге дейін Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 10. Орман шаруашылығы кәсіпорындары мен орманда жұмыс істейтін бригадалардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың өртке қарсы ұйымдастырушылық жағдайларын тұрақты тексеруді жүргізу. Тұрақты МБҚБ (келісім бойынша), ОЖАШАБ (келісім бойынша), ТРЖТПРД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 11. Жазғы науқан басталар алдында мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан балалар лагері мен демалыс базаларының, өрт-техникалық тексеруін өткізу, оларды пайдалану үшін қабылдауға қатынасу. сәуір-маусым қалалар мен аудандар Әкімдері, МБҚБ (келісім бойынша). 12. Орман өрттері туралы хабарларды қабылдау үшін орман шаруашылықтарында арнайы пункттер жабдықтау, жолдарда олардың қайда орналасқаны туралы және хабарлаудың мүмкін тӘсілдері туралы ескерту, белгі көрсеткіштер қоюды ұйымдастыру. Өрт қауіпі бар кезеңде Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 13. МБҚБ, ӨСЖАҚЖҚ бiрлесiп мемлекеттік орман қорғау, өрт химиялық станциялар қызметкерлерінің және ерікті өрт жасақшылары мүшелеріне өртке қарсы ережелерді, орман өрттерін сөндіру әдістері мен тӘсілдерін оқытуды ұйымдастыру. өрт қауіпі кезеңі басталған кезеңге дейін. МБҚБ (келісім бойынша), ӨСЖАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРЖТПРД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 14. Орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде күштер мен құралжабдықтарды қолданудың аудандық жоспарларын үйлестіру және нақтылауды өткізу. өрт қауіпі басталған кезеңге дейін. ӨСЖАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРЖТПРД, ҚОТЖЖБ (келісім бойынша), ЖДЖТЖБ, аудан әкімшіліктеріне. 15. Өрт-тактикалық жаттығуларды көрсету арқылы орман өрттерін сөндіруге қатысушылардың басқарушы буынымен штабтық жаттығу өткізу. Тұрақты Аудан әкімшіліктеріне, ӨСЖАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРЖТПРД, ҚОТЖЖБ (келісім бойынша), ЖДТЖБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме 16. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерді өңдеу және басқа ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізген кезде орманда химиялық күюді болдырмау үшін нормативтері мен ережелерді сақталуын қамтамасыз ету. өрт қауіпі бар кезеңде қала және аудан Әкімдері, АШД, ТРЖТПРД, ОЖАШАБ (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 17. Өрт сөндіруді ұйымдастыру кезінде өрт сөндіруге тікелей қатынасушы көлік қызметін және қамтамасыз ету қызметін қалалар мен аудандардың төтенше оқиғалар жоспарының талаптарына сай алдын-ала төлемсіз жанар-жағар маймен қамтамасыз ету. өрт болып жатқан мезгілде Қала және аудан әкімдері. 18. Орман өрттерінің алдын алу мӘселелері, олармен күресу жөнінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде орманды қорғаудың құқықтық мӘселелері жөнінде тұрғындар, оқушылар, ормандағы, балалар лагері, демалыс үйлеріндегі жұмысшылар арасында түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізу. Орманды өрттен қорғау туралы телевидение, радио және баспасөзде материалдары ұйымдастыру. Тұрақты ТРЖТПРД, МБҚБ (келісім бойынша), ББД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 19. Тұрғындар көп келетін ормандарда, орман арқылы өтетін автомобиль жолдарында, санаториялар мен мектеп оқушыларының демалыс лагерьлерінде өртке қарсы тақырыпта плакаттар мен хабарландырулар шығарып және оларды мезгіл-мезгіл жаңартып отыруын қамтамасыз ету. Сәуір -мамыр Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. 20. Орман өрттерін сөндіруге қатысушы күштерді қарсы алу және реттеуді, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері күшімен қоршауды ұйымдастыру. Өрт болып жатқан мезгілде ІІД (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша). Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін әуеден бақылау және авиациялық күзетуді қамтамасыз ету. Өрт қауіпі бар кезеңде ТРЖТПРД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері. Ескерту: Әрiптiк аббревиатуралардың мағынасын ашу: Табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті - ТРЖТПРД Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы - ОЖАШАБ Мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы - МБҚБ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі - СЖАҚЖҚ Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы - ҚОТЖЖБ Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы - ЖДЖТЖБ Ішкі істер департаменті - ІІД Аудандық ішкі істер бөлімі - АІІБ Білім беру департаменті - ББД Ауыл шаруашылығы департаменті - АШД