Социальной поддержке выпускников 2005 года общеобразовательных школ из числа детей-сирот, опекаемых детей и детей из малообеспеченных семей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы білім беру мектептерінің жетім балалары, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалар санынан 2005 жылғы түлектерін әлеуметтік қолдау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 36 бабының 3 тармағының 10) тармақшасына және 11 тармағына сәйкес, жетім балаларды, қамқорлыққа алынған балаларды және аз қамтылған отбасыларының балаларын әлеуметтік қолдау мақсатынд аӨскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалпы білім беру мектептерінің жетім балалар, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан түлектеріне ары қарай оқулары үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін (бұдан әрі - Балалар).
Тармақ 2
2. Балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету шарттары туралы Ереже 1 қосымшаға сай бекітілсін. 3.Өскемен қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы (Г.Б.Рамазанова) Балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету шарттары туралы Ережені бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелсін.
Басқа 4. Балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету шарттары туралы ЕРЕЖЕ
Қала әкімдігінің 2005 жылғы 25 шілдедегі N 242 қаулысымен бекітілген Қала әкімдігінің 2005 жылғы 25 шілдедегі N 242 қаулысына 1 қосымша Балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету шарттары туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі материалдық көмек) жалпы білім беру мектептерінің оқуда ерекшеленген жетім балалар,қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан түлектерін ары қарай оқыту үшін жылына бір рет көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Материалдық көмекті төлеу "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 2. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар
3. Материалдық көмек орта мектепті "жақсы" және "өте жақсы"»аяқтаған "Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімі"»мемлекеттік мекемесі ұсынған жалпы орта білім ұйымдарының бітіретін сынып оқушылары санынан жетім балаларға, қамқорлыққа алынған балаларға және аз қамтылған отбасыларының балаларына көрсетіледі. 2. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 4
4. Материалдық көмек алуға үміткерлер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Тармақша 1
1) түлектердің бірыңғай ұлттық тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өту нәтижесі 65 балдан төмен болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) жалпы орта білім алғаннан кейін үлгерімнің орта баллы 4,0-тен төмен болмауға тиіс;
Тармақша 3
3) ары қарай оқу тілін білу.
Тармақ 5
5. Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) үміткердің және оның заңды өкілдерінің өтініштері, балалар үйінің басшысынан тәрбиеленушіге хабарлама-негіздеме;
Тармақша 2
2) отбасының әлеуметтік картасы;
Тармақша 3
3) орта білім туралы аттестат көшірмесі;
Тармақша 4
4) бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) мектеп директоры қол қойған ресми бланктегі кепілдеме хат;
Тармақша 6
6) мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) денсаулық жағдайы туралы белгіленген түрдегі медициналық анық-тама көшірмесі;
Тармақша 8
8) Халық банктегі жеке шоттың көшірмесі.
Тармақ 6. 3. Төлеу мөлшері және тәртібі
6. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1-інен 15 тамызға дейін. 3. Төлеу мөлшері және тәртібі
Тармақ 7
7. Материалдық көмек 6.451.000.007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қалалық бюджет қаржысынан төленеді.
Тармақ 8
8. Материалдық көмек "Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімі"»мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес бөлінген қаржы сомасынан Балалар арасында тең мөлшерде бөлінеді.
Тармақ 9
9. Балаларға материалдық көмек төлеу жеке шот ашқанда екінші деңгейдегі Банктер арқылы жүзеге асырылатын болады. Қала әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің орынбасары