Об утверждении номенклатуры товаров, работ и услуг и их объемов (в процентном выражении), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства, на 2005 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы және олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 25 пайызы көлемiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4. Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2005 жылғы 11 тамыздағы N 828 қаулысымен бекiтілген Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) ұн, оның iшiнде фортификацияланған бидай ұны;
Тармақша 2
2) нан, нан-тоқаш өнiмдерi, оның iшiнде фортификацияланған бидай ұнынан жасалған;
Тармақша 3
3) макарон өнiмдерi;
Тармақша 4
4) жармалар;
Тармақша 5
5) сүт, кiлегей;
Тармақша 6
6) сары май және өсiмдiк тоң майы;
Тармақша 7
7) ашытылған сүт өнiмдерi;
Тармақша 8
8) ет (жас, консервіленген), ет өнiмдерi;
Тармақша 9
9) шұжық өнiмдерi;
Тармақша 10
10) балықтан жасалған өнiмдер (жас, жас мұздатылған, ысталған);
Тармақша 11
11) алкогольсiз сусындар, шырындар;
Тармақша 12
12) кондитерлік тағамдар;
Тармақша 13
13) жұмыртқа;
Тармақша 14
14) табиғи бал;
Тармақша 15
15) балалар тағамы;
Тармақша 16
16) көкөнiстер, жемiстер (консервіленген), картоп;
Тармақша 17
17) қант (құмшекер, шақпақ, кесек);
Тармақша 18
18) тұз, оның iшiнде йодталған ас тұзы;
Тармақша 19
19) тауықтар (тауықтың саны);
Тармақша 20
20) кептiрілген жемiстер;
Тармақша 21
21) ашытқылар;
Тармақша 22
22) томат пастасы;
Тармақша 23
23) тұздықтар;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы шикiзаты;
Тармақша 25
25) теңiз өнiмдерi, балықтан және теңiз өнiмдерiнен жасалған консервілер;
Тармақша 26
26) ірімшік (қатты, жұмсақ тұздалған);
Тармақша 27
27) татымды заттар және дәмдеуiштер;
Тармақша 28
28) сорпа концентраттары;
Тармақша 29
29) саңырауқұлақтар;
Тармақша 30
30) бақша және жабайы жидектер;
Тармақ 2
2. Азық-түлiктiк емес тауарлар:
Тармақша 1
1) Үлбiрден (табиғи, жасанды) тiгiлген киiмдер және оның керек-жарақтары, үлбiр бас киiмдер;
Тармақша 2
2) әскерилендiрілген құрамаларға арналған арнайы киiм-кешектi қоспағанда, трикотаж өнеркәсiбiнiң өнiмi;
Тармақша 3
3) әскерилендiрiлген құрамаларға арналған арнайы киiм-кешектi қоспағанда, тiгiн бұйымдары;
Тармақша 4
4) аяқ киiм;
Тармақша 5
5) аяқ киiм майы;
Тармақша 6
6) тұрмыстық, мектеп және офис жиһазы;
Тармақша 7
7) құрылыс материалдары: тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары; едендерге төселетiн, пештердi қаптайтын тақталар; кiрпiш; цемент; құм; кесiлген ағаш материалдары; ағаш бұйымдары; шыны пакеттер; санфаянс; пенопласт тақталар; пластмассадан жасалған құрылыс бөлшектерi (есiктер, табалдырықтар, терезелер, рамалар, терезе қақпақтары); табиғи тастан жасалған қаптама материалдар мен бұйымдар, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтiн материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар); полиэтилен құбырлар; жылу оқшаулағыш материалдар; лак-бояу бұйымдары; линолеум және басқа да еденге төсеуге арналған полимер материалдар; шегелер;
Тармақша 8
8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
Тармақша 9
9) кабель өнiмдерi;
Тармақша 10
10) жууға арналған заттар;
Тармақша 11
11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
Тармақша 12
12) музыкалық аспаптар;
Тармақша 13
13) медициналық мақсаттағы бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
Тармақша 14
14) су шашатын жабдық;
Тармақша 15
15) кеңсе тауарлары;
Тармақша 16
16) дәрілiк препараттарды өндiруге арналған минералдық шикiзат;
Тармақша 17
17) тоқыма шикiзаты;
Тармақша 18
18) отын (көмiр, мазут, ағаш);
Тармақша 19
19) жер бетiндегi органикалық заттар;
Тармақша 20
20) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар;
Тармақша 21
21) ұйымдастыру техникасына қосалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
Тармақша 22
22) қой терiсiнен жасалған бұйымдар;
Тармақша 23
23) қаракөл, қаракөл терiсiнен жасалған бұйымдар;
Тармақша 24
24) киiзден жасалған бұйымдар;
Тармақша 25
25) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 26
26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 27
27) қолөнер бұйымдары;
Тармақша 28
28) машина жасау және басқа да өнеркәсiп кәсiпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
Тармақша 29
29) бак, бақша аспаптары;
Тармақша 30
30) былғарыдан жасалған бұйымдар;
Тармақша 31
31) спорт тауарлары;
Тармақша 32
32) бақылау-касса машиналар, дыбыс және бейне техникасы;
Тармақ 3
3. Жұмыстар мен қызметтер:
Тармақша 1
1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
Тармақша 2
2) автомобиль техникасын жөндеу;
Тармақша 3
3) полиграфиялық;
Тармақша 4
4) көлiктiк-экспедициялық;
Тармақша 5
5) күрделi тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тармақша 6
6) ғұрыптық;
Тармақша 7
7) заңдық;
Тармақша 8
8) қоғамдық тамақтандыру қызметi;
Тармақша 9
9) делдалдық, оның iшiнде жанар-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөнiндегi;
Тармақша 10
10) тұрғын үй-коммуналдық;
Тармақша 11
11) тұрмыстық (монша-кiр жуу, химиялық тазалау);
Тармақша 12
12) Интернет-провайдер қызметi;
Тармақша 13
13) көшiру-көбейту және ұйымдастыру техникасын жеткiзiп беру және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
Тармақша 14
14) шаштараз;
Тармақша 15
15) киiмдер, арнаулы киiмдер тiгу және жөндеу;
Тармақша 16
16) суретке түсiру қызметтерi;
Тармақша 17
17) белгiлер, медальдар, марапаттау кубоктары, вымпелдер, тулар жасау;
Тармақша 18
18) туризм;
Тармақша 19
19) жалға беру қызметтерi;
Тармақша 20
20) аяқ киiм жөндеу;
Тармақша 21
21) былғары, пластмасса және металл галантереяны жөндеу;
Тармақша 22
22) балалар мен мектеп мекемелерi үшiн тамақ өнiмдерiн жеткiзiп беру;
Тармақша 23
23) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер;
Тармақша 24
24) аударма iсi қызметi;
Тармақша 25
25) мөртабан-мөр және жiбек жазба;
Тармақша 26
26) эстетикалық қызметтер (визаж, косметологтардың қызметтерi мен консультациялары).