О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в октябре - декабре 2005 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 17-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамтамасыз етсін және жоғарыда аталған Заңның 44-бабына сәйкес медициналық, техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы бірінші қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры әскери қызметке шақыру басталғанға дейін қалалық, облыстық медициналык комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін. Дәрігер мамандардың, орташа медициналық, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген кездегі жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 4
4. Шақырушыларға сапалы медициналық куәландыру өткізу мақсатында облыстық медициналық комиссиясының келесі Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне шығулары ұйымдастырылсын: - Атбасар қалаласына (Атбасар ауданы) 2005 жылдың 14-18 қазаны аралығында; - Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2005 жылдың 19-24 қазаны аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер департаменті (келісім бойынша) Корғаныс істері жөніндегі бөлімдермен бірлесе отырып облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақыласын және әскери бөлімдерге жас толықтырма командаларын жіберу мен құрылымдарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығына (келісім бойынша) 2005 жылы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат 2006 жылғы 15 қаңтарға дейін тапсырсын.
Тармақ 9
9. Ақмола облысы әкімінің «2005 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларындағы кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы» шешімін 2005 жылдың 18 сәуірінен №10 (2005 жылдың 3 мамырынан № 3123 Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген) күші жойылды деп есептелсін. Келісілді: 1. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы Б.Н. Қынашбаев 2.Ақмола облысының Ішкі істер департаменті бастығы Д.Т. Түсіпбеков 3. Ақмола облысының Денсаулық сақтау департаменті бастығы Н.К. Садвакасова
Басқа 10. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімінің шешіміне 1 қосымша 28.09.2005 ж. № 19 ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ: Қынашбаев Бақыт Нұрахметұлы - Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Жолдасбаев Болат Жұмағұлұлы - ТЖ және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Кәбденов Мұрат Талапұлы - облыстық ІІД бастығының орынбасары (келісім бойынша) Түкенов Бейбіт Ұзақұлы - денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Гомозов Юрий Алексеевич - 2 шақыру бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ғалиев Ринат Рустамұлы - екінші шақыру бөлімінің аға әскери маманы терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті жанындағы МКҚК «Ақмола облыстық ауруханасы» медбикесі, комиссия хатшысы ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ: Белогуб Николай Николаевич - Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Жұмабаев Серік Кәкімбекұлы - Жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Қажкенов Ақан Саттыбайұлы - облыстық ІІД бастығының орынбасары (келісім бойынша) Кәкенов Серік Қабдөшұлы - Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті жанындағы МКҚК «№1 Қалалық аурухана» бас дәрігері Филимонов Константин Викторович - бөлім бастығы Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы Озерянская Любовь Петровна - Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті жанындағы МКҚК «Ақмола облыстық ауруханасы» медбикесі, комиссия хатшысы