Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2005 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуіріндегі № 1551 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалардың және аудандардың әкімдіктері:
Тармақша 1
1) 1987 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар шақырудан кейінге қалдырылуы құқығынан айырылған ересек жастарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2005 жылдың қазан-желтоқсанында өткізуді қамтамасыз етсін. Аудандық және қалалық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі (басқармаларға) бөлімдерге керек мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық жұмысшылар, қызмет етуші тұлғаларды бөлсін;
Тармақша 2
2) шақырғанға келмеген шақырылушыларды және іздестірудегі тұлғаларды уақытылы хабарлау үшін, іздестіру және хабарлау топтарын құрсын, оларды көлік құралдарымен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілгендерді салтанатты шығарып салу жөнінде іс - шараларды ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыруды және шақырушыларды аудандық және қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу бойынша шараларды орындауға байланысты шығындар облыстық, аудандық және қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізілсін;
Тармақша 5
5) облыстық жиналу пунктіне және шақыру учаскелеріне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық жұмысшылардың және қызмет ететін тұлғалардың, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған мекемелерінде атқаратын лауазымы, жалақысы, жұмыс орнының сақталатынын еске салсын;
Тармақша 6
6) қорғаныс істері жөніндегі (басқармаларға) бөлімдерге шақыру пунктінде жабдықталған бөлмелерді бөлу жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі (ММ) (Э.М. Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) Аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, сонымен қатар флюоропленкалармен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссия құрамында жұмыс істеу үшін дәрігер мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ (Д.К. Жұмабаев) (келісім бойынша) бірге медициналық мекемелердің шақырушыларды алдын ала тексеруіне жұмсаған шығындарын өтеу және қарастырылған қаржыға сәйкес еңбекақыларын төлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамының Қостанай тасымалдау бөлімшесіне (А.Н. Құдайбергенов) (келісім бойынша) «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ өтінімі бойынша жас шақырушылар командаларын қызмет орнына жөнелту үшін, жолаушылар поездының қажетті орын санын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі» департаменті»ММ (Д.К. Жұмабаев) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес облыстық жиналу пунктінде азық-түлік және ыстық тамақ сатуды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, шақыру кезеңінде тасымалданғандардың нақты саны туралы сұранымдар бойынша төлеуді іске асырсын;
Тармақ 6
6. «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» ММ (М.С. Жаманбаев) (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстау және іздестіруді өзінің қызмет бабы шегінде іске асырсын;
Тармақша 2
2) облыстық жиналу пунктінде, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін тәуліктік полиция наряды бөлінсін;
Тармақша 3
3) шақырушыларды жөнелту кезінде облыстық жиналу пунктінде және темір жол вокзалында қоғамдық тәртіпті қолдау қамтамасыз етілсін;
Тармақ 7
7. Аудандардың және қалалардың әкімдіктері шақыру және әскерге жөнелтуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды 2005 жылғы бюджетте қарастырылған қаржы шегінде уақытында жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Орындалған жұмыс туралы ақпарат облыстық әкімдік аппаратына 2006 жылғы 10 қаңтарға дейін берілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 23. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 317 қаулысына қосымша Облыстық шақыру комиссиясының құрамы Жұмабаев Дюсембай Қималиденұлы - «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төраға Сүйіндіков Қайрат Жаңділдәұлы - «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі, орынбасар Нұрсейітов Дидар Асатуллаұлы - «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша) Жайлебаев Ілияс Алықпашұлы - медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер-хирург Куванова Бибігүл Төлегенқызы - «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2-(шақыру) бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы Травин Игорь Геннадьевич - «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының шақыру жөніндегі орынбасары, 2-(шақыру) бөлімнің бастығы, төраға Суднев Алексей Леонидови - «Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру даярлығы бөлімінің бастығы, орынбасар Камзин Ермұрат Базыкенұлы - «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік бастығының орынбасары (келісім бойынша) Бауэр Эммануил Иванович - медициналық комиссияның төрағасы,дәрігер-хирург Маевская Татьяна Геннадьевна - «Қостанай облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы