Қолданыстағы ред. 26.04.2005

2005 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы от 26.04.2005 г. № 61 (2005 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы)

0

2005 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы 19.01.1993 жылғы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді іскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару жіне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2005 жылдың № 1551 Жарлығына сәйкес , 2005 сәуір - маусым айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкімият қаулы етеді;

1

1. 2005 жылдың сәуір-маусым айларында шақыру күніне дейін 18-ден 27 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы жүргізілсін.

2. Комиссия мүшелері:

2. Төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Досанова Айкүміс Сарсенғалиқызы -комиссия төрайымы,
аудан әкімінің орынбасары
Дүйсенов Жасұлан Сабырұлы -комиссия төрайымының орынбасары,
аудандық қорғаныс істері бөлімінің
бастығы келісім бойынша
Комиссия мүшелері:
Биманов Серікқали Тәжіғалиұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Шалабаева Гүлшат Бақытқызы-аудандық емхананың бас дәрігері, медициналық бақылау комиссиясының төрайымы
Таңбаев Нұрлан Шораұлы- әскери шақыру бөлімінің жауапты қызметкері (келісім бойынша)
Нәбиева Жазира Оңайбайқызы комиссия хатшысы, емхананың статисті

3

3. Шақыру комиссиясының төрайымы А.Досановаға село, кент әкімдері, ішкі істер қызметкерлерін, аудандық емхананың бас дәрігерін, шақыруға қатысты кәсіпорын, мекеме басшыларын қатыстыра отырып нұсқаулау-ұйымдастыру кеңесін өткізу тапсырылсын.

4

4. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаеваға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің 28.03.1995 жылғы № 61 санды бұйрығына сәйкес аудандық медициналық бақылау комиссиясының (қосымша) қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша жергілікті мөлшерде бұрын шақыру комиссиясының құрамында жұмыс тәжірибесі бар маман дірігерлермен, құралдармен, желеңдермен қамтамасыз етсін.

5

5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Досжанов (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28-бабына сәйкес әскери міндетін өтеуден қашып жүрген және іздеуде, әскери қатарына шақырылған азаматтарды жеткізіп беруін қадағалау, әскер қатарына шақырылған азаматтарды облыстық жиын пунктіне жіберілу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде тәртіпті қадағалау үшін қызметкерлер бөлуді ұйымдастырылсын.

6

6. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева:

1

1)Әскерге шақырылған азаматтардың флюрографиядан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз етсін.

2

2)Әскерге шақырылған азаматтардың туберкулез, трахома, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының тізімін, дәрігерлік бақылау мен диспансерлік байқаудың мәліметтерін табыс етсін.

3

3)Комисияның маман дәрігерлерін қажетті аспаптармен, ренгентпленкамен, флюропленткамен, электрокардиографияға арналған қағазбен қамтамасыз етсін.

4

4)Әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуі кезінде оларға қажетті егу жұмыстарын жүргізсін.

7

7. Аудандық мәдениет үйінің бастығы Р.Жолдыбаева аудандық қорғаныс істер бөлімімен келісе отырып, әскер қатарына шақырылатын азаматтардың салтанатты түрде соғыс ардагерлерімен, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтармен кездесуін ұйымдастырсын.

8

8. Кент село әкімдеріне (В.П.Курлова, А.Нұғманов, Т.Жеткізгенов, Б.Темірқасов) әскерге шақыру комиссиясынң сұранысы негізінде техникалық қызметкерлер бөлу міндеттелсін.

9

9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Ж.Дүйсенов әскерге шақыру бойынша қорытынды хабарламаны аудан әкіміне 2005 жылдың маусымның 25 дейін хабарласын.

10

10. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға жүктелсін.

15. Тізімі

Аудандық әкімияттың
26 сәуір 2005 жылғы № 61
«2005 жылдың сәуір-маусым айларында
мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды
өткізу туралы» Қаулысына қосымша
Түпқараған ауданының қорғасын істері жөніндегі бөлімге дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардық
Тізімі
Терапевт-Мусин Ерлан Сақтағанұлы
Тері-мерез ауруларының маманы – Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы
Тіс дәрігері – Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
Оташы-Измайлов Қанат Магирович
Невропотолог-Сампиева Луйза Ваховна
Психиатр-Қазиева Айнагүл Балшыбаевна
Фтизиатр-Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы
Лор-Үрбисинова Гүлжихан Мекеевна
Көз дәрігері-Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы

16. Келісім бетшесі

Аудандық әкімияттың
26 сәуір 2005 жылғы № 61
«2005 жылдың сәуір-маусым айларында
мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды
өткізу туралы» Қаулысына қосымша
Келісім бетшесі
Досжанов Амангелді Асқарұлы Түпқараған ауданының ІІБ бастығы

17

Аудандық әкімияттың
26 сәуір 2005 жылғы № 61
«2005 жылдың сәуір-маусым айларында
мерзімді әскери қызметке кезекті
шақыруды өткізу туралы» Қаулысына қосымша
Түпқараған аудандық істер бөліміне әскер қатарына шақыртылған азаматтардың уақытында келуін қамтамассыз ететін іздестіру тобы.

Тегі, Аты-жөні
Мекеме аты
Ескерту
1
Ст-на Таңбаев Нұрлан Шораұлы
Қорғаныс істер бөлімі
2
Л-т Елеусинов Нұрлан Серкебайұлы
Ішкі істер бөлімі