Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную воинскую службу осенью 2005 года Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылдың күзінде әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2005 жылдың қазан-желтоқсанында әскерге шақырудан кейiнге қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды Қарулы Күштер, басқа да әскери бөлімдер мен әскери құрамаларды жасақтауға қажетті мөлшерде мерзiмдi әскери қызметке шақырсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіне қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімдерінің) қарауына дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған бөлме-жайлар, қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші персоналдарды, сондай-ақ әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдайтын автокөліктер бөлсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да қажетті шараларды алсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау, қаржы, ішкі істер департаменттері Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне осы қаулыны жүзеге асыру барысында көмек көрсетсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған төмендегілер бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымшаға сәйкес облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы;
Тармақша 2
2) 2 қосымшаға сәйкес облыстық дәрігерлік комиссияның құрамы;
Тармақша 3
3) 3 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердің құрамы және әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыс әкiмiне әскерге шақыру барысы туралы мәлiмдеп отырсын және қорытынды ақпаратты 2006 жылдың 15 қаңтарына тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімдігінің "2005 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы N 53 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 12. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
1 қосымша
Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 338 қаулысымен
бекітілген
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Мұқатаев Геннадий Қадырұлы - Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия
төрағасы
Ним Василий Владимирович - Батыс Қазақстан облысы жұмылдыру әзірлігі
және төтенше жағдайлар басқармасының
бастығы, төрағаның орынбасары
Әжіғұлова Кашура Мұхтарқызы - Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау
департаменті директорының орынбасары
Байдиев Батырбек Идиатұлы - қорғаныс істері жөніндегі департаменті
жанындағы дәрігерлік комиссия төрағасы,
дәрігер-терапевт
Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы - Батыс Қазақстан облысы ішкі
істер департаменті бастығының орынбасары
Масалимов Әли Хайдарұлы - Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы
бастығының орынбасары
Тоқпаев Марат Бақытжанұлы - Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаменті бастығының орынбасары,
әскерге шақыру бөлімінің бастығы
Нұрмұхамбетов Азамат Мадиярұлы - Батыс Қазақстан облысы дене
шынықтыру және спорт басқармасының оқу
спорт бөлімінің бастығы
Мерғалиева Маржан Балжұманқызы - комиссия хатшысы
Комиссия төрағасы - Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаменті бастығының орынбасары
Төрағаның орынбасары - Батыс Қазақстан облысы жұмылдыру әзірлігі
және төтенше жағдайлар басқармасының бөлім
бастығы
Биссалиев Орынғали Мүбәрәкұлы - қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы
Жұмабекова Ғалима Қарпанқызы - дәрігер-терапевт, дәрігерлік комиссия
төрағасының орынбасары
Хохлачева Любовь Павловна - комиссия хатшысы
Басқа 13. Облыстық дәрігерлік комиссияның
құрамы
2 қосымша
Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 338 қаулысымен
бекітілген
Облыстық дәрігерлік комиссияның
құрамы
Маман дәрігерлер:
1. Хирург
- Повытчиков Николай Борисович
2. Терапевт
- Жұмабекова Ғалима Қарпанқызы
3. Невропатолог
- Жүсіпова София Кувашқызы
4. Психиатр
- Досқалиева Шынар Қаленқызы
5. Окулист
- Қаныбетова Үміт Сағатқызы
6. Отоларинголог
- Нұрышев Тұрсынбай Халелұлы
7. Дерматовенеролог
- Тимешова Роза Тимешқызы
8. Стоматолог
- Чернова Ольга Степановна
9. Ренгенолог
- Бөлекбаева Әлия Оразалықызы
10. Фтизиатр
- Қабенов Зайдолла Қабенұлы
11. Кардиолог
- Локтева Надежда Петровна
Кіші медицина қызметкерлері:
1. Нарколог-фельдшер
- Рамазанов Серкебай Сағатбайұлы
2. Хатшы-медбике
- Мерғалиева Маржан Балжұманқызы
3. Ренген-лаборант
- Нұрпекеева Айман Мырзашқызы
4. Медбике
- Хохлачева Любовь Павловна
5. дәрігер- терапевтің медбикесі
- Бисенғалиева Анаргүл Сәрсенғалиқызы
6. Лор-дәрігердің медбикесі
- Қуанова Тәнзила Есінғалиқызы
7. Дене салмағын, ұзындығын өлшеуші медбике
- Раисова Майра Жұмашқызы
8. Медбике
- Диярова Раушан Әліпқалиқызы
9. Медбике
- Оспанова Сәуле Сәуменқызы
10. Медбике
- Иманғалиева Жанна Падголқызы
11. Медбике
- Ғұмарова Гүлнара Меңдолқызы
12. Медаға
- Талтақов Самат Карегісұлы
13. Медбике
- Дәрменова Гүлнара Васильевна
Басқа 14. Әскерге шақыруды қамтамасыз етуге тартылатын
техникалық қызметкерлердің
құрамы
3 қосымша
Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 338 қаулысымен
бекітілген
Әскерге шақыруды қамтамасыз етуге тартылатын
техникалық қызметкерлердің
құрамы
1. Заң кеңесшісі
2. Аспаз
3. Сантехник
4. Электрик
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу
кестесі
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскер жасындағы азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу.
2005 жылғы 1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында.
Тармақ 2
2. Әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктінен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен басқа да әскери құрылымдарына жөнелту.
2005 жылғы 12 қазан мен 30 қараша аралығында.