2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 08 шілде 2005 жылғы «Әскери міндеттілік және іскери қызмет туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтігі әскери әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 14 сәуір 2005 жылғы № 1551 Жарлығына сәйкес, 2005 қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкімият қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне дейін 18- ден 27 жасқа толған,әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2. Комиссия мүшелері
2. Төмендегі құрама аудандық әскери шақыру комиссиясы құрылсын: Сүйеубаев Қуаныш Жұмабекұлы-комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (келісім бойынша). Досанова Айкүміс Сарсенғалиқызы – комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары. Комиссия мүшелері Биманов Серікқали Тажіғалиұлы-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша). Шалабаева Гүлшат Бақытқызы- аудандық емхананың бас дәрігері , медициналық бақылау комиссиясының төрайымы. Таңбаев Нұрлан Шораұлы-әскери шақыру бөлімінің жауапты қызметкері (келісім бойынша). Нәбиев Жазира Оңайбайқызы-комиссия хатшысы, емхананың статисті.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының төрағасы Қ.Сүйеубаев (келісім бойынша) село, кент әкімдері, ішкі істер қызметкерлерін, аудандық емхананың бас дәрігерін, шақыруға қатысты кәсіпорын,мекеме басшыларын қатыстыра отырып нұсқаулау-ұйымдастыру кеңесін өткізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің 04 наурыз 2005 жылғы № 100 санды бұйрығына сәйкес аудандық медициналық бақылау комиссиясының қалыпты жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша жеткілікті мөлшерде бұрын шақыру комиссиясының құрамында жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлермен, құралдармен,желеңдермен қамтамасыз етсін (қосымша 1).
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Досжанов (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 18- бабына сәйкес әскери міндетін өтеуден қашып жүрген және іздеуде, әскер қатарына шақырылған азаматтарды облыстық жиын пунктіне жіберілу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде тәртіпті қадағалау үшін қызметкерлер бөлуді ұйымдастыруға ұсынылсын. (қосымша 2)
Тармақ 6
6. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева
Тармақша 1
1)Әскерге шақырылған азаматтардың флюрографиядан өтуін , анализдер тапсыруын,қан құрамын айыруын қамтамасыз
Тармақша 2
2)Әскерге шақырылған азаматтардың туберкулез, трахома, бұлшақ ет, сүйек, буын органдарының тізімін, дәрігерлік бақылау мен диспансерлік байқаудың мәліметтерін табыс етсін
Тармақша 3
3)Комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті аспаптармен, рентгенпленкамен, флюропленкамен, электрокардиографияға арналған қағазбен қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4)Әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуі кезінде оларға қажетті егу жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Аудандық мәдениет үйінің бастығы Ф.Жолдыбаева аудандық қорғаныс істері бөлімімен келісе отырып, әскер қатарына шақырылатын азаматтардың салтанатты түрде соғыс ардагерлерімен, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтармен кездесуін ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Кент, село әкімдеріне (В.П.Курлова,А.Нұғманов, Қ.Жантақбаев, Ө.Ермекбаев) әскерге шақыру комиссиясының сұранысы негізінде техникалық қызметкерлер бөлу міндеттелсін.
Тармақ 9
9. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Қ.Сүйеубаев (келісім бойынша) әскерге шақыру бойынша қорытынды хабарламаны аудан әкіміне 2005 жылдың желтоқсанның 25 дейін хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға міндеттелсін.
Басқа 15. Тізімі
Аудандық әкімияттың 3 қазан 2005 жылғы № 108 «2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Қаулысына қосымша Түпқараған ауданының қорғасын істері жөніндегі бөлімге дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардық Тізімі Терапевт-Мусин Ерлан Сақтағанұлы Тері-мерез ауруларының маманы – Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы Тіс дәрігері – Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы Оташы-Измайлов Қанат Магирович Невропотолог-Сампиева Луйза Ваховна Психиатр-Қазиева Айнагүл Балшыбаевна Фтизиатр-Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы Лор-Үрбисинова Гүлжихан Мекеевна Көз дәрігері-Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
Басқа 16
Аудандық әкімияттың 3 қазан 2005 жылғы № 108 «2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Қаулысына қосымша 2 Түпқараған аудандық істер бөліміне әскер қатарына шақыртылған азаматтардың уақытында келуін қамтамассыз ететін іздестіру тобы. № Тегі, Аты-жөні Мекеме аты Ескерту 1 Ст-на Таңбаев Нұрлан Шораұлы Қорғаныс істер бөлімі 2 Л-т Елеусинов Нұрлан Серкебайұлы Ішкі істер бөлімі
Басқа 17. Келісім бетшесі
Аудандық әкімияттың 3 қазан 2005 жылғы № 108 «2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Қаулысына қосымша 3 Келісім бетшесі Досжанов Амангелді Асқарұлы Түпқараған аудандық ІІБ бастығы