2005 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 19, 20 баптарына сәйкес, 2005 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қаматамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін: Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Виктор Петрович Лавриков аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрагасының орынбасары Қайрат Шәкірұлы Шәкіров аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сейфутдин Сәкенұлы Қабжанов ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған кызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрагасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорыны Аудандық медициналық бірлестігінің директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңына сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер мен орта медициналық персонал санын төмендегі құрамда бөлсін: Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер-офтальмолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дермато-венеролог Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрігер-терапевт Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер-невропатолог Тишкен Ішкенқызы Ішкенова дәрігер-психиатр Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог Татьяна Сергеевна Тихоновна дәрігер-отоларинголог Жібек Бахиқызы Жүнісова дәрігер-рентгенолог
Тармақша 2
2) Дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін: Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург Мұрат Әлімұлы Байғожин дәрігер-терапевт Гулжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер-стоматолог
Тармақша 3
3) Орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын.
Тармақша 4
4) Әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін.
Тармақша 5
5) Медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін.
Тармақша 6
6) Әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендіге жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.
Тармақша 7
7) Аудандық ауруханада дәрігер-маман отоларингологтың жоқтығына байланысты, аудандық әскерге шақыру комиссияда жұмыс істеу үшін Ғабиден Мұстафин кентінде тұратын дәрігер-отоларинголог Татьяна Сергеевна Тихонова шақырылсын. Жұмысына байланысты дәрігер Татьяна Сергеевна Тихонова заңнамамен белгіленген тәртіпте іссапарлық шығындары төленсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұктаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы әскери шақырудан өту үшін Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылудан және келуден бас тартып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіруге және оларды жеткізу үшін бекітілген смета шығындарына сәйкес жанар-май бөлсін.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты, ұйымдастырылып қарастырылған шараларын смета бойынша қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясын күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) Ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақша 3
3) Әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
Тармақ 11
11. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 12
12. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
Тармақ 13
13. Заңының 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімін жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабардар етсін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін.
Тармақша 3
3) Облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 14
14. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2006 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынсын.
Тармақ 15
15. «2005 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 10/21 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-2, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2005 жылдың 4 маусымында жарияланған).
Тармақ 16
16. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковқа жүктелсін. Келісілген: Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы М. Рақымжанов 19.09.2005 Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б. Мұздыбай 19.09.2005 Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Әбілов 19.09.2005