Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңын орындау үшін, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1551 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдын сәуір-маусымында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2005 жылдың 18 сәуірдегі № 178/2-СВ Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облысының мәслихатының шешімі негізінде (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 5 мамырда нөмірі 3461 болып тіркелген) Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1987 жылы туған және одан ересек жастағы әскерге шақырылуды кешеуілдете тұратын құқығынан айырылған азаматтарды 2005 жылдың сәуір-маусым аралығындағы мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (М.Ө. Мусаев, келісім бойынша) шақыру комиссиясына өтуіне 1987-1978 жылдары туған шақырылушылардың қатысу есебін құрсын, бекітсін және оны орындаушыларға жеткізсін.
Тармақ 3
3. Селолық округ, село, Затобол кентінің әкімдері:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне адамдарды көлікпен тасымалдауға жабдықталумен, шақырылғандардың уақытында келулеріне хабарлау ұйымдастырсын және камтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жедел әскери қызметке шақырылушыларды жөнелту негізінде салтанатты шығарып салу шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (О.Айтқожин, келісім бойынша) командаларды шақыру және жөнелту барысында:
Тармақша 1
1) командаларды жөнелту уақытында, олардың шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің учаскесіне екі полиция қызметкерін бөлсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметтен жасырынып, бас тартып жүргендерді іздестірсін, ұстау жұмыстарын жүзеге асырып, іздестіруге, ұстауға, жеткізуге кеткен шығындар ұсталғандар есебінен өтесін.
Тармақ 5
5. Қостанай ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 396 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2004 жылы қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2004 жылғы 13 қазандағы нөмірі 3184 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновке жүктелсін.