Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-34, 2006 жылғы 5 шілдеде № 15 «Науырзым» аудандық газетінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынған бағаларды 60 пайызға азайту жолымен түзету белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.