Мақат аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 289-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №289-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аудан әкімиятының 2007 жылғы 7 ақпандағы №07 «Аудан әкімиятының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №177 «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» қаулысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың ХХХІ сессиясының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 289-ІІІ «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 29 желтоқсанында № 4-7-49 санды реестрінде енгізілген) шешіміне төмендегідей ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 1) 1 қосымшасындағы Табыстары бойынша: 4 санаттағы 374111 саны 392632 санымен ауыстырылсын; 8 санаттағы 0 саны 32115 санымен ауыстырылсын. Шығыстары бойынша: 1 функционалдық топтағы 80799 саны 81329 санымен ауыстырылсын; 3 функционалдық топтағы 0 саны 400 санымен ауыстырылсын; 4 функционалдық топтағы 637370 саны 649192 санымен ауыстырылсын; 6 функционалдық топтағы 75813 саны 76013 санымен ауыстырылсын; 7 функционалдық топтағы 8517 саны 38817 санымен ауыстырылсын; 8 функционалдық топтағы 30316 саны 32572 санымен ауыстырылсын; 10 функционалдық топтағы 2513 саны 2718 санымен ауыстырылсын; 213 функционалдық топтағы 2037 саны 2977 санымен ауыстырылсын; 15 функционалдық топтағы 0 саны 3983 санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Боқаев) жүктелсін.