2006 жылдың 12 шілдедегі № 183 "Ұлан ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешімге өзгерту енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың 12 шілдедегі № 183 «¥лан ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы» шешімге өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, 562 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және ¥лан аудандық прокурорының 2007 жылғы 14 маусымдағы № 7-03-794-07 наразылығына сәйкес ¥лан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 12 шілдедегі № 183 «¥лан ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 5-17-41, «¥лан таңы» аудандық газетінің 2006 жылғы 19 тамыздағы № 35 санында жарияланған) шешімге келесі өзгерту енгізілсін: ¥лан ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесінің 48 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «48. Осы тарауда көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ішкі істер органдарының және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары толтырады»
Тармақ 2
2. Осы шешім аумақтық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.