Аудан әкімиятының 2006 жылғы 12 маусымдағы «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2006 жылғы 12 маусымдағы «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі қаулы етеді;
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 12 маусымдағы «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы » № 61 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 22.06.2006 жылы № 11-5-26 тіркелген, 05.07.2006 жылы № 29 (9565) «Жаңа өмір» газетінде ресми жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. Көрсетілген қаулының 1 қосымшасымен бекітілген «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібіне төмендегідей толықтырулар енгізілсін; 2-бөлім 2.1. тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын; «2.1. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Уәкілетті орган әлеуметтік жұыс орнына жіберілген азаматтың еңбекақысын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес мөлшерде ай сайын оның есепшотына аударады». 3-бөлімде: 1-тармақтағы «жергілікті» деген сөзден «республикалық» деген сөзбен толықтырылсын. 1-тармақтағы «102 кіші бағдарлама» деген сөздерден кейін «103 кіші бағдарлама» деген сөздермен толықтырылсын. Көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген комиссия құрамына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. «Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы» деген сөздер «Махмутов Ерболат Хабибуллаұлы» деген сөздермен ауыстырылсын. «Көпбаева Тілектес Өтелгенқызы –аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын. «Сарбалаев Абзал Бердібайұлы-аудандық қаржы бөлімінің бастығы» деген сөздер «Шабикова Рима Нерражимқызы-аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын. Осы қаулы алғаш ресми жариаланғаннан кейін күндізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Ә.Ұзақбай Аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының м.а. 18.05.2009 С.Каимова Аудадық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 18.05.2009