Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 28.09.2007 г. № 190 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылы 12 сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-26 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 2 маусымдағы аудандық «Екпін» газетінде жарияланған; «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы сәуірдегі «Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету туралы» №133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 31 тамыздағы №258 қаулысымен, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-34 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі аудандық «Екпін» газетінде жарияланған) 2 тармағына:
1) төмендегідей мазмұндағы 9 тармақшамен толықтырылсын:
«Аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы, аналарға, жетімдерге тұрғын үйді жөндеу үшін 20-25 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік көмек көрсету».
2) төмендегі мазмұндағы 10 тармақшамен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы күні» мемлекеттік мерекесі қарсанында «Алтын – алқа» алқасымен марапатталған он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген батыр аналарға 10 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсету».
3) төмендегі мазмұндағы 11 тармақшамен толықтырылсын:
«Қайрымдылық айлығы шеңберінде аса қажет ететін аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты азаматтарға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы аналарға 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір реттік көмек көрсету».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.