Кентау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 209 «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 209 «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және қала әкімдігі ұсынған 2007 жылға арналған қалалық бюджеттің нақтыланған жобасын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қалалық мәслихатының «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы №209 шешіміне (№14-3-35 тіркелген, 2007 жылғы 6 қаңтарда, 13 қаңтарда, «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) төменгідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшадағы: «1945646» саны «3121711» санымен ауыстырылсын; «326060» саны «334065» санымен ауыстырылсын; «1583646» саны «2751706» санымен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы: «1945646» саны «3133992» санымен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшаларымен толықтырылсын: 3) операциялық сальдо- -12281 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы- -12281 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру-12281 мың теңге; аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын және осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3
Басқа 4