Қолданыстағы ред. 01.02.2013

"Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15-ақпандағы N 27-269/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 28.03.2008 г. № 6-79/IV ("Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15-ақпандағы N 27-269/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

"Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15-ақпандағы N 27-269/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексінің) 394-бабына және 258-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15-ақпандағы N 27-269/III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-32 тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірде "Мәртөбе" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38-371/III "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-57 тіркелген, 2007 жылғы 17 ақпанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған шешімімен өзгерістер енгізілген) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа тақырыпта мазмұндалсын (қосымша қоса тіркеледі).

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі .

3

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
28 наурыздағы N 6-79/ІV шешіміне
қосымша
Сайрам ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық режимінің ставкалары
салық ставкасы (АЕК есебінде бір жылға)
N р/с
Қызмет түрі
Салық салу объектісінің түрі
Бекітілген ставка
салық
акциз
1
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарының қызметтері
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтары 1 (бір ойыншыға арналған автомат)
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматы 1 (бір ойыншыдан артық)
10
15
-
2
Боулинг бойынша қызметтер (кегельбан)
Ойын жолы
55
-
3
Картинг
бойынша
қызметтер
Карт
25
4
Бильярд бойынша
қызметтер
Бильярд үстелі (1 үстелге)
30
5
Лото ойынын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер
Лото ұйымдастырушысы, 1 адам
80
6
Электрондық рулеткасы
100
-
7
Ойын өткізуге арналған дербес компьютер
1 компьютерге
10
-