Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 "18 жасқа дейінгі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» 2006 жылы 14 маусымда тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 9-9-41, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 25 (7823) санында жарияланған қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағындағы «он» деген сан «алпыс» деген санмен ауыстырылып, өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.