Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 19 сәуірдегі «Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» №25-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 19 сәуірдегі «Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» №25-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жәнібек ауданы прокурорының 2007 жылғы 12 наурыздағы №7-150-07 санды наразылығы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 25-6 «Аудан көлемінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-6-27 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыла» газетінде 2006 жылғы 19 мамырда жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3 тармақта: 8 тармақшасында «емдеу ақысын» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; «толық» деген сөз алынып тасталсын; 9 тармақшасында «қалған жануардың» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақша 2
2) Осы шешім аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.