2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан 1979-1988 жылдары туған азаматтарды кезекті әскери кызметке шакыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы сәуір-маусым және қазан- желтоқсан 1979-1988 жылдары туған азаматтарды кезекті әскери кызметке шакыру туралы Қазақсган Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасының, Қазакстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 тармағының, 5 тармақшасы, 19,20,21 бабтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 96 Жарлығына сэйкес Текелі қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының кұрамы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясына өткізу күндерінің кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеітік қазынашылық кәсіпорнына (О.С. Кан) шақыру комиссияның жіберу қағазы бойынша әскерге шақырылғандардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін ауруханада резерв төсек орындарын дайындау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Рудник кентінің Әкімі (С.Д. Вишняков) әскери қызметке шақырылғандарды әкелуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (О.С. Вершинина) әскери есепке алу құжаттарын ресімдеу үшін қорғаныс ісі жөніндегі бөлім құзырына техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына (О.С. Кан) медициналық куәландыру пункті Текелі қалалық емханасының ғимаратында үйымдастырылуы ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Текелі каласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Н.А. Шоханова) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отанды қорғау жөніндегі конституциялық борышын қалтықсыз орындау бойынша тәрбиелеу жүмысын жетілдірсін.
Тармақ 8
8. «Текелі қаласының дене шынықтыру жэне спорт бөлімі» (Б.Е. Тұғылбаев) және «Текелі каласының білім бөлімі» (Н.С. Кертаева) мемлекеттік мекемелеріне әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери патриоттық тәрбие жұмыстары жетілдірсін.
Тармақ 9
9. «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ә.С. Қанағатов) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 10
10. Текелі қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 20 қазандағы № 152 «2005 жылғы қазан-желтоқсан айларында 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы», Текелі қаласының Әділет басқармасында 2005 жылы 28 қазанда 2-3-8 нөмірімен, нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2005 жылғы 4 қарашада қалалық «Текелийский рабочий» газетінің № 44 (2735) санында жарияланған; Текелі қаласы әкімдігінің 2005 жылгы 21 желтоқсандағы № 216 «1989 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды эскери қызметке шақыруға дайындау туралы», Текелі қаласының Әділет басқармасында 2006 жылы 6 қаңтар 2-3-13 нөмірімен, нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2006 жылгы 20 қаңтарда қалалық «Текелийский рабочий» газетінің № 2-3 (2745-2746) санында жарияланған Қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау, қала Әкімінің орынбасары Г.Б. Маупашеваға жүктелсін.
Басқа 13
Текелі қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы «25» сәуірдегі № 111 «2006 жылғы сәуір- маусым және қазан-желтоқсан 1979-1988 жылдары туған азматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына 1 қосымша Шақыру комиссиясының қүрамы: Комиссияның төрағасы Жанатай Мұқашұлы Тоқпаев Ескелді аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Комиссия төрағасының орынбасары Маупашева Гүлмира Баяхметқызы Текелі қаласы Әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері: Медициналық комиссияның төрағасы: Молдабеков Қанатбек Дәуітұлы Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары Калябин Кяшаф Зарифович Комиссияның хатшысы: Демеуова Еркем Ырымтайқызы Дәрігерлер: Мейрембаева Дариға Сембайқызы - дәрігер-терапевт Ағзамов Фарид Машұрұлы - дәрігер-хирург Пирманов Сыдык Мадраимұлы - дәрігер-отоларинголог Рашидов Сезім Сейілұлы - дәрігер-дерматовенеролог Снимщикова Лариса Валентиновна - дәрігер-стоматолог Байдак Валерий Владимирович - дәрігер-невропатолог Мащенко Николай Васильевич - дәрігер-психиатр Дзан Эмма Сергеевна - дәрігер-офтальмолог Бекбергенова Нұршат Жүнісқызы - дәрігер -фтизиатр Медбикелер: Емельянова Галина Николаевна Рашидова Ислана Сапарқызы Құрманғалиева Жұлдыз Қанайқызы Бекітілген
Басқа 14
Текелі қаласы Әкімдігінің 2006 жыл «25» сәуірдегі «2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоксан 1979-1988 жылдары туылған азматтарды кезекті әскери қызметке шакыру туралы» қаулысына 2 қосымша Кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясына өткізу күндерінің КЕСТЕСІ Р/с Елді мекенінің аталуы Барлығы Келу күндері 03.04 04.04 05.04 06.04 07.04 08.04 09.04 10.04 11.04 12.04 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1. Текелі қаласы 200 50 50 50 50 2. Рудник кенті 50 50 Әскерге шақырылғандарды жинау пунктінен Қарулы Күштер қатарының әскери бөлімшелеріне және басқа да әскери құрылымдарға жинақтауға жіберу.