О проведении в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождений, не имеющих права на отсрочку Қолданыста
Басқа 0
Әскерге шақырудан қалдырылуға құкығы жоқ 1979-1988 жылы туған азаматтардың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ Заңының 19,20, 22, 23 баптарын Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығын орындауға және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31 бабын 1 тармағын 8 тармақшасын басшылыққа ала аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Мамлют ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери есепте тұрған және әскерге шақыртудан қалдырылуға құқығы жоқ 1979-1988 жылдары туған азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыруды өткізу үшін күрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы бекітілсін:
Сүлейменов Сағындық Әбдрахманұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы
Бүйрекбаев Ғалихан Сәлікүлы - аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әлиев Панах Әли-оғлы - аудандық ішкі істер бөлімінің зерттеу жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Кузина Тамара Ивановна - орталық аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)
Солоха Галина Захаровна - орталық аудандық аурухананың медбибісі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Комиссияның резервтік мүшелері тағайындалсын:
Бүкенов Марат Құшұрбайұлы - әскери қызметкерлерді шарт бойынша жинақтау және әскерге шақырту бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Оспанова Жазира Ерсаинқызы - аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Прахт Наталья Владимировна - Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы (келісім бойынша)
Ғабдулина Нәзира Нұрланбекқызы - Орталық аудандық аурухананың дәрігер-терапевті, медициналык комиссияның төрайымы
Тармақ 4
4. Селолық округтер мен Мамлютка қаласының әкімдеріне әскерге шақырылушыларды медициналык комиссия жеткізуді және әскери қызметті өту үшін жөнелтуді тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.И.Пояркинге әскерге шақыру және азаматтарды мерзімді әскери кызметке жөнелту кезінде әскерге шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскер-интернационалистермен кездесулерін өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Г.Коробковаға:
Тармақша 1
1) комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, медициналық персоналмен жинақтасын, сонымен қатар мүлікпен және құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) айнаға түсіру, функционалдық диагностика кабинеттерінің, анализдерді тапсыру зертханасының дамылсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия құрамы аурухана бойынша бұйрықпен бекітілсін, комиссияны жүргізу үшін олардың сағат 10-ға келуін қамтамасыз етсін, жетіспейтін мамандар бойынша облыстық денсаулық сактау департаментіне өтініш берсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Т.М.Тұғұнбаевқа (келісім бойынша) әскерге шақырту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, әскерге шақырылушыларды жеткізетін автокөліктің жұмысына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы А.П.Яковенкоға мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларға жергілікті бюджет есебінен осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Солтүстіқ Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Б.Бәкеевке Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 44 бабына сәйкес:
әскерге шақырту кезінде әскерге шақыртуды материалдық-техникалык, қамтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың 3 штаттық бірлігін 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін, 1 қазаннан бастап 31 желтоксанға дейін және қызметтік персоналдың 0,5 штаттық бірлігін (бөлмелерді жуушы) 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 желтоқсанға дейін қабылдасын.
Тармақ 10
10. Ұйымдар басшылары әскерге шақырылуға тиісті азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақыртсын, оларды хабарландыруды және әскерге шақырту пунктіне өз уақытында келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 11
11. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Ә.Сүлейменовке Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне жөнелту бойынша әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне жіберу және мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиісті азаматтарды зерделеу үшін, әскерге шақырылушылармен, ата-аналарымен не тәрбиелейтін тұлғалармен, әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) білім ұйымдарының басшыларымен, басқа тұлғалармен, әскерге шақырылушылардың таныстарымен (көршілері, достары) жеке әңгіме өткізу арқылы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің УАЗ-469 мемлекеттік нөмірі № 90-12 ПТ қызметтік жеңіл автомобилін ұсынсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бүйрекбаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық аурухананың
Бас дәрігері
М.Коробкова
20.04.2006 ж.
Мамлют ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
С.Сүлейменов
20.04.2006 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Т.Тұғұнбаев
20.04.2006 ж.
Қаржы бөлімі бастығының
міндетін атқарушы
А.Яковенко
20.04.2006 ж.