2006 жылы қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылы туылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы қазан-желтоқсан айларында
1979-1988 жылы туылған азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Ұйымдар, мекемелер басшыларына 2-қосымшаға сәйкес Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қарамағына техникалық қызметшілер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Поселке және селолық округ әкімдері әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулері үшін және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау, жұқтырылған қорғаныш тапшылағының белгісі және мерез ауруларын тексеру үшін емдеу профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру пунктін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құралдармен, мүліктермен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарға емдеу-сауықтыру шараларын өткізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Жылыой аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу басқармасына (А.Қалмұқанова) (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды бруцеллезге қарсы тексеру жөніндегі шараларды ұйымдастырып, орындалуына бақылау жасау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. 4-қосымшаға сәйкес мекемелер басшыларына Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне (Б.Рахметов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу;
Тармақша 3
3) Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жинақтаушы пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөлу, командаларды көлікке отырғызу жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Жылыой ауданы қаржы бөлімі (Ж.Ахметов) 2006 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Жылыой аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«02» қазан 2006 жыл А.Қоқатов
Жылыой аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
«02» қазан 2006 жыл А.Қалмұқанова
Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
«02» қазан 2006 жыл Б.Рахметов
Жылыой аудандық емханасының
бас дәрігері
«02» қазан 2006 жыл Т.Қыдырбаев
Жылыой аудандық орталық ауруханасының
бас дәрігерінің міндетін атқарушы
«02» қазан 2006 жыл Ғ.Қалиева
«Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өніру
басқармасының бастығы
«02» қазан 2006 жыл Д.Төреғалиев
«Ұңғыларды күрделі жөндеу
басқармасының бастығы
«02» қазан 2006 жыл А.Нұрбауов
«Казкомсервис» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
«02» қазан 2006 жыл О.Алдекенов
Құлсары мұнай құбырлары
басқармасының бастығы
«02» қазан 2006 жыл А.Бешімов
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі шектеулі
Серіктестігінің директоры
«02» қазан 2006 жыл Қ.Надиров
«АБТ-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі
Серіктестігінің директоры
«02» қазан 2006 жыл Д.Нуртазин
Құлсары газ жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
«02» қазан 2006 жыл Т.Балжігітов
15-Құлсары дабылдандыру дистанция
бастығы
«02» қазан 2006 жыл С.Сейілханов
Басқа 17
Аудандық әкімияттың
2006 жығы 2 қазандағы
№ 335 қаулысына 1 қосымша
Аудандық әскери шақыру комиссиясының Қ Ұ Р А М Ы
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы -комиссия төрағасы, Жылыой аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит Сағиұлы -комиссия төрағасының орынбасары,
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары
Тулеуова Сара -комиссия хатшысы, Жылыой аудандық
емхананың мейірбикесі
Комиссия мүшелері
Қыдырбаев Тахуадин Жұмабекұлы-Жылыой аудандық емхананың бас
дәрігері (келісім бойынша)
Рахметов Бауыржан Үкібкайұлы-Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 18
Аудандық әкімияттың
2006 жығы 2 қазандағы
№ 335 қаулысына 2 қосымша
Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер
р/с
Мекемелердің аттары
Бөлу мерзімі
Қызмет
керлер
саны
1
«Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру
басқармасы (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
2
«Құлсарымұнайқұбырлары» басқармасы (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
3
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
4
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
5
«Құлсарыгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
6
«АБТ Лимитед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
7
15-Құлсары дабылдандыру дистанциясы (келісім бойынша)
қазан-31 желтоқсан
1
Басқа 19
Аудандық әкімияттың
2006 жығы 2 қазандағы
№ 335 қаулысына 3 қосымша
2006 жылғы күзгі-қысқы әскер қатарына шақырылушылардың
дәрігерлік комиссиядан өту КЕСТЕСІ
р/с
Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары
Комиссиядан өту күндері
1
Жаңа-Қаратон
қазан-31 желтоқсан
2
Қара-арна
қазан-31 желтоқсан
3
Қосшағыл
қазан-31 желтоқсан
4
Жем
қазан-31 желтоқсан
5
Ақкиізтоғай
қазан-31 желтоқсан
6
Майкөмген
қазан-31 желтоқсан
7
Сарқамыс
қазан-31 желтоқсан
8
Құлсары
қазан-31 желтоқсан
Күнделікті комиссия өтетін күндер:
Қазан 17,18,19,20,24,25,26,27,31
Қараша 1,2,3,7,8,9,10,14,15,16,17,21,22,23,24,28,29,30
Желтоқсан 1,5,6,7,8,12,13,14,15,19,20,21,22,26,27,28,29
Басқа 20
Аудандық әкімияттың
2006 жығы 2 қазандағы
№ 335 қаулысына 4 қосымша
Мекемелердіңкезекші көліктерді бөлу К Е С Т Е С І
р/с
Мекемелердің аттары
Бөлу мерзімі
1
«Ұңғыларды күрделі жөндеу» басқармасы (келісім бойынша)
қазан-10 қазан
2
«Құлсарымұнайқұбырлары» басқармасы (келісім бойынша)
11 қазан-20 қазан
3
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
21 қазан-30 қазан
4
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
31 қазан-9 қараша
5
«Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)
10 қараша-19 қараша
6
«Құлсарыгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
20 қараша-30 қараша
7
«АБТ Лимитед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
1 желтоқсан - 11 желтоқсан
Ескерту: Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі
сағат 8.30-да толық жанар-жағар маймен Жылыой
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт.