2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1988-1979 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1988-1979 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», « Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №96 Жарлығына сәйкес 1988-1979 жылы туған азаматтарды, шақыру күніне 18 жасқа толған және 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінгі қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты қаулы етеді.
Тармақ 1
1. 1998-1979 жылдар аралығында туған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2006 жылдың қазан айы мен желтоқсан айының 30-аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру пункті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылып, қоса беріліп отырған комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әскери шақырушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің түрлеріне қарай алдын-ала бөлуге, дәрігерлік байқаудан өткізуге комиссия құрамы бекітілсін
Тармақ 4
4. Село әкімдері мен ұйымдардың басшылары. Көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғаны туралы хабардар етуіді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамазыз етсін.
Тармақ 5
5. «Маңғыстау аудандық емханасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Ұ.Жақсылықоваға келісім бойынша, «Маңғыстау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б.Байназаровқа келісім бойынша төмендегі қызметтерді іске асырылу ұсынылсын. 1988-1979 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізу комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру. 2006 жылдың қазан қазан айынан бастап 30 желтоқсанға дейін әскерге шақырылушы азаматтардың флюорография , электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету. Шақыруға жататын азаматтарды дәрігерлік куәландыруды жүзеге асыру үшін тәжірбиелі маман дәрігерлерді бөліп,флюорографиялық байқаудан, анализден электрокардиограммадан өткізіп ,жаппай егу жұмыстарын жүргізу. Созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін,денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін,дәрігерлік амбулаториялық қарталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсырып,комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және қажетті сандағы ішкі істер қызметкерлерін бөлу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Ақшауовқа келісім бойынша ұсынылсын.
Тармақ 7
7. 2006 жылғы желтоқсан айының 27-не дейін аудан әкімяты қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпараттық түсіру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Қуанбаевқа келісім бойынша ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж Айтуаровқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өтіп, жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Басқа 10
Аудан әкімінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 105 қаулысымен бекітілген 1 қосымша Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы – комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Жонасов Лазым Наурызғалиұлы – комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының бас маманы Мүшелері: Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы – аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша) Cұлтанов Білімғали Алуадинұлы – аудандық істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Шаңытбаева Марал Серікқызы – аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 11
Аудан әкімінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 105 қаулысымен бекітілген 2 қосымша Дәрігерлік байқаудан өткізуге (куәлік етуге) тиісті комиссия құрамы Нұрлыбаева Жанар – аға дәрігер Ақжанов Жеңіс - дерматовенеролог Есбергенова Баян -іш құрылысы ауруларының дәрігері Жармағанбетова Бөбек –құлақ,тамақ аурулары дәрігері Құрамшиш Мақсат –оташы Мұқанова Орынгүл -психиатр Сейтмағанбетова Гүлмира -фтизиатр Сәрсенбаев Аязбай –рентгенолог Сүйетбаев Қыстаубай -тіс дәрігері Төлемісова Сәулет –жүйке аурулары дәрігері