Қолданыстағы ред. 16.08.2006

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 16.08.2006 г. № 179 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар
тағайындағанда нормативтік
кәртішкеде келтірілген орташа түсімді
(өнімділікті) сондай-ақ жеке қосалқы
шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика
органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемакылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" № 1092 қаулысымен бекітілген "Балаларға арналған жәрдемақы алуға уміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің" 30-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2 мамыр 2006 жылғы "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемакылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы", Аманкелді ауданының Әділет басқармасындағы 2006 жылғы 15 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-36, ("Аманкелді арайы" газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 25 санында жарияланған) № 123 қаулысының 1-тармағындағы "10 пайызга" деген сөздер "20 пайызға" деген сөздермен, 2-тармағындағы "10 пайызға" деген сөздер "50 пайызға" деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.