Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан, түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан, түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" № 1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің» 30-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемакылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы», Аманкелді ауданының әділет баскармасындағы 2006 жылғы 15 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-36 («Аманкелді арайы» газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 25 санында жарияланған) № 123 қаулысының:
1) 1-тармағы толығымен алынып тасталсын;
2) 2-тармағындағы «10 пайызға» деген сөздер «30 пайызға» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 тамыздағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2006 жылғы 18 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-41, № 179 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аталған қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.