Қолданыстағы ред. 18.06.2008

Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 18.06.2008 г. № 129 (Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің» 30-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» (Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2006 жылғы 15 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-36, «Аманкелді арайы» газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 25 санында жарияланған) №123 қаулысының:
1-тармағы толығымен алынып тасталсын;
2-тармағындағы «10 пайызға» деген сөздер «80 пайызға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 03 қаңтардағы «Аудан әкімдігінің 2 мамыр 2006 жылғы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2007 жылғы 26 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-49, «Аманкелді арайы»
газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 12 санында жарияланған) № 2 қаулысы жойылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.