Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30- тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 18.01.2007 г. № 10 (Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 «18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-40, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 29 маусымда № 27 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
20 % азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауда дала аймағында жеке қосалкы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын 2007 жылға арналған бағаларды түзету белгіленсін.
Жоғарыда көрсетілген қаулыға өзгерістер әкімдіктің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 283 «Мендықара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-43, «Меңдіқара үні» аудандык газетінде 2006 жылғы 5 қазанда № 41 жарияланған), қаулысымен енгізілді.
2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.