Қолданыстағы ред. 04.05.2007 - 01.01.2007

Алакөл ауданы Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Алакөл ауданының 2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 04.05.2007 г. № 55-3 (Алакөл ауданы Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Алакөл ауданының 2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

Алакөл ауданы Мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
«Алакөл ауданының 2007 жылға
арналған аудан бюджеті туралы»
52-2 шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының «Бюджет» кодексі 111-бабының 1 тармағын,116 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алакөл ауданы Мәслихатының 2006 жылдың 20 желтоқсанындағы
«Алакөл ауданының 2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 52-2 шешімі
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2-5-37, күні 2007.08.01,Алакөл газетінің № 3, 2007 жылдың 27 қаңтарында жария етілген, Алакөл ауданы Мәслихатының 2007 жыпдың 25 қаңтарындағы
«Алакөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы 52-2 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 53 сессиясының 53-1 шешімі,
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-5-41, күні 2007.06.02, Алакөл газетінің № 7, 2007 жылдың 17 ақпанында жария етілген), шешіміне төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
1 тармақтағы:

1

1).«Кірістер» деген жол бойынша «2016822» саны, «2150276» санына
ауыстырылсын.
Соның ішінде:
«Трансферттерден түсетін түсімдер» деген жол бойынша «746791» саны
«784176» санына ауыстырылсын.
«Бюджет қаражатының бос қалдықтары» деген жол бойынщша «33733» санына ауыстырылсын.
«Шығындар» деген жол бойынша «2016822» саны «2150276» санына
ауыстырылсын.
5 тармақтағы:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» деген жол бойынша «260925» санына ауыстырылсын.
«Білім беру» деген жол бойынша «1554244» саны «1566381» санына
ауыстырылсын.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» деген жол бойынша
«91281» саны «89883» санына ауыстырылсын.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген жол бойынша «92934» саны
«103633» санына ауыстырылсын.
«Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік» деген жол бойынша
«31723» саны «32429» санына ауыстырылсын.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау жер қатынастары» деген жол бойынша «10930» саны «20320» санына ауыстырылсын.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» деген жол
бойынша «20265» саны «24046» санына ауыстырылсын.

2

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда баяндалсын.

3

3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қантарынан қолданысқа енгізіледі.