Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазакстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал аудандык мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне (2006 жылғы 25 желтоқсанда 14-7-35 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Мақтаарал ауданының 2007 жылға арналған бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін: 1)кірістер - 5744851 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 873105 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 5681 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 91473 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 4774592 мың теңге. 2)шығындар - 5635386 мың теңге. 3)операциялық сальдо - 109465 мың теңге. 4)таза бюджеттік кредит беру - - 1597 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 1597 мың теңге. 5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 32427 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу — 32427 мың теңге. 6)бюджет тапшылығы (профициті) - 78635 мың теңге. 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 78635 мың теңге, оның ішінде: қарыздарды өтеу - 88463 мың теңге; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 9828 мың теңге.» 2-тармақтағы «12000» саны «6700» санымен ауыстырылсын. №1 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.