Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне (14-7- 35 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, 2007 жылғы 2 ақпандағы «Мақтаарал» газетінде ресми жарияланған, Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 8 ақпандағы №37-229-III «Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, 14-7-38 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, 2007 жылғы 2 наурыздағы «Мақтаарал» газетінің №9 санында ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1)тармақшадағы «5744851» саны «5768435» санымен; «873105» саны «957811» санымен; «5681» саны «6045» санымен; «91473» саны «114991» санымен; «4774592» саны «4689588» санымен; 2)тармақшадағы «5635386» саны «5659582» санымен; 3)тармақшадағы «109465» саны «108853» санымен; 5) тармақшадағы «32427» сандары «31815» сандарымен ауыстырылсын. 2-тармақтағы «10662» саны «8962» санымен; «12000» сандары «3390» сандарымен ауыстырылсын. 1,5-қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.