Ақсу аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 41-224 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 41-224 нөмірлі шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 111 бабының 1 тармағына және 116 бабына сәйкес Ақсу аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу аудандық Әділет басқармасында 2007 жылғы 5 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-39 нөмірімен тіркелген, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы 4 нөмірінде жарияланған Ақсу аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 41-224 нөмірлі шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақтағы «Kipicтep» деген жол бойынша «1331324» саны «1348280» санына ауыстырылсын, оның ішінде: «Трансферттер түсімдері» деген жол бойынша «938043» саны «954999» санына ауыстырылсын. 2 тармақтағы “Шығындар” деген жол бойынша “1331324” саны “1361733” санына ауыстырылсын. «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер» тобы бойынша «126904» саны «128826» санына ауыстырылсын. 122 бағдарлама әкішісі «Аудан әкімі аппаратының» 009 кіші бағдарламасы «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» деген жолдан кейін 002 бағдарлама «Ақпараттық жүйелер құру» деген жолмен толықтырылып, «400» саны енгізілсін. «Білім беру» тобы бойынша «1034003» саны «1060493» санына ауыстырылсын 464 бағдарлама әкімшісі «Аудандық білім беру бөлімнің» 003 кіші бағдарламасы «Жергілікті органдардың аппараттары» деген жолдан кейін 116 бағдарлама «Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту» деген жолмен толықтырылып, «6655» саны енгізілсін. «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» тобы бойыйша «66669» саны «68582» санына ауыстырылсын. «Мәдениет, спорт, туризм және аппараттық кеңістік» тобы бойынша «33052» саны «33112» санына ауыстырылсын. 13 «Басқалар» функционалдық тобынан кейін 15 «Трансферттер» деген жолмен толықтырылып, «25» саны енгізілсін. Операциялық сальдо «13853».Бюджет тапшылығы (-13853) мың теңге.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін. Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы Серпербаев Серікбек Келісілді: «Ақсу аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жандосова Гүлнара Жандосқызы