Қаратал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 46-197 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 46-197 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 111-бабының 1,2 тармағына және 116-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Қаратал ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 46- 197 шешіміне (2006 жылғы 28 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-42 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Қаратал» газетінде жарияланған, 2007 жылғы 13 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-43 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 23 ақпандағы № 8 «Қаратал» газетінде жарияланған, 2007 жылғы 18 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-52 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 1 маусымдағы № 23 «Қаратал» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақтағы 1 тармақшада: «Kipicтep» деген жол бойынша «1119860» саны «1260971» санына ауыстырылсын; «трансферттерден түсетін түсімдер» деген жол бойынша «704985» саны «831576» санына ауыстырылсын, соның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер деген жол бойынша «182415» саны «190542» санына ауыстырылсын, сонын ішінде: білімге деген жол бойынша «51832» саны «59429» санына ауыстырылсын; нысаналы даму трансферттері деген жол бойынша «72331» саны «193361» санына ауыстырылсын, соның ішінде: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға деген жол бойынша «20350» саны «19793» санына ауыстырылсын; сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы мен қалпына келтіруге деген жол бойынша «47508» саны «166957» санына ауыстырылсын; «тұрғын үй-салу» - «1083» жолымен толықтырылсын. «субвенция» деген жол бойынша «450239» саны «447673» санына ауыстырылсын. 1 тармақтағы 2 тармақшада: «Шығындар» деген жол бойынша «1138421» саны «1279532»санына ауыстырылсын. 4 тармақтағы: «Субвенция» деген жол бойынша «450239» саны «447673» санына ауыстырылсын. 10 тармақтағы: «2007 жылдың аудандык бюджетінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жалғастыруға» деген жол бойышна «20350» саны «19793» санына ауыстырылсын, соның ішінде : республикалық бюджет деген жол бойынша «15000» саны «14573» санына ауыстырылсын. облыстық бюджет деген жол бойынша «5350» саны «5220» санына ауыстырылсын. 11 тармақтағы: «2007 жылдыңц аудандық бюджетінде сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы мен қалпына келтіруге нысаналы трансферттер ескерілсін» деген жол бойынша «46453» саны «166957» санына ауыстырылсын. 12 тармақтағы: «өкілетті» атқарушы органдарды және жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулерге» деген жол бойынша «100621» саны «104938» санына ауыстырылсын; «білім беру мекемелеріне» деген жол бойынша «804349» саны «822419» санына ауыстырылсын; «әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге» деген жол бойынша «67550» саны «66225» санына ауыстырылсын; «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген жол бойынша «94660» саны «214184» санына ауыстырылсын; «мәдениет, спорт туризм және акпараттық кеңістік» деген жол бойынша «23301» саны «25003» санына ауыстырылсын; «ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» деген жол бойынша «12401» саны «11899» санына ауыстырылсын; «өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» деген жол бойынша «6571» саны «6161» санына ауыстырылсын; 14 тармақтағы: «2007 жылға арналған аудан Әкімдігінің резервіне кезек күттірмейтін шығындармен, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін сомасы 8500 мың теңге бекітілсін» деген жол бойынша «8379» саны «8500» санына ауыстырылсын және «Шұғыл шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» - «121» деген жол алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі. Келісілді: