Қолданыстағы ред. 28.06.2007

Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20-наурыздағы № 1477 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы » қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 28.06.2007 г. № 118 (Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20-наурыздағы № 1477 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы » қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20-наурыздағы № 1477 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы » қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Күршім аудандық Әділет басқармасының 2007 жылғы 27-сәуірдегі № 179 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-II Заңының 37-бабы 8-тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Күршім ауданы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы» 2006 жылғы 20-наурыздағы № 1477 (Әділет органдарында 2006 жылы 29-наурызда тіркелген. Тіркеу № 5-14-21. «Рауан» газетінде 15.04.2006 жылы № 15 жарияланған) қаулысының 2-тармағы алынып тасталсын.

2

2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.

3

3. Қаулы ресми жарияланған күннен қолданысқа енеді.
Келісілді:
Аудандық жұмыспен қамту
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Т.Мысаев