Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы Қолданыста
Басқа 0
Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 14) тармақшаларына, Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-45, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне 1000 (Бір мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күніне орай 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 4
4) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографта тексеруден өтуге байланысты шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) бірінші және екінші топтағы көз ауруы мүгедектеріне облыс аумағында жүру үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) қайтыс болған жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) қайтыс болған облысқа және ауданға еңбегі сіңген зейнеткерлерді жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектер, мүгедек балалар және бала кезінен мүгедектер; көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары санатынан шыққан ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарындағы оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға өтініштері бойынша 3000 (Үш мың) теңге мөлшерінде бір жолғы көмек;
Тармақша 12
12) оқу жоспары бойынша үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінде ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне телефон қызметі шығындарын (абоненттік төлем) өтеу;
Тармақша 14
14) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге Жеңіс күніне 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 15
15) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне Жеңіс күніне 5000 (Бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 16
16) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне Жеңіс күніне 3000 (Үш мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 17
17) бейбіт күндері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Жеңіс күніне 3000 (Үш мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 18
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскерилердің жесірлеріне тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз есе мөлшерінде қосымша материалдық көмек.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып ұйғарылсын (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Мыналар, ұйғарылсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім құжаттар қабылданған күннен бастап уәкілетті органмен он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 2
2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға компьютерлік томографта тексеруден өтуге байланысты шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек тексерілуге төленген соманың мөлшерінде көрсетіледі;
Тармақша 3
3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілге, еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күнге жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда тағайындалады;
Тармақша 4
4) қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған күнге онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
Тармақша 5
5) қайтыс болған облысқа және ауданға еңбегі сіңген зейнеткерлерді жерлеу үшін әлеуметтік көмек тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда, қайтыс болған күнге онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
Тармақша 6
6) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек алу құқығын емдеу тәртібін бұзбаған және емдеу кезеңінде себепсіз ұзақ үзіліс жасамаған ауру адам пайдаланады;
Тармақша 7
7) оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жалпы орта білім беретін мектептер түлектеріне жоғарғы және арнаулы орта оку орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі.
Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жылына бір рет оқудың нақты төлем ақысы мөлшерінде жоғары немесе орта кәсіби білімі туралы диплом алғанша көрсетіледі.
Уәкілетті орган жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен білім беру қызметіне келісім шарттар жасайды;
Тармақша 8
8) оқу жоспары бойынша үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің және оқытудың қажеттілігі туралы «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесінің жанындағы облыстық психологтық-медициналық-педагогикалық комиссияның қортындысы мен «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) ұсынған тізімінің негізінде жүргізіледі;
Тармақша 9
9) әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банкалық операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші дәрежелі банкілер немесе ұйымдар арқылы уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына ақшалай аудару арқылы жүзеге асыралады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган (келісім бойынша) мүдделі тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің «Науырзым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 «Науырзым ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 194 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-40, № 15 «Науырзым» аудандық газетінде 2006 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.